«Түсті металдардан жасалған дайындамалар мен құймаларды әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 25 маусымдағы № 333 бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағынан түсті металдардан жасалған дайындамалар мен құймаларды көліктің барлық түрлерімен Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары 7402 00 000 0 - тазартылмаған мыс, электролиттік тазартуға арналған мыс анодтары, 7403 13 000 0 - илектеуге арналған дайындамалар, 7403 29 000 0 - өзге де мыс қорытпалары ( 7405 тауар позициясының лигатураларынан басқа), 7413 00 000 - бұралған сым, кабельдер, өрілген сымдар және электр оқшаулаусыз мыстан жасалған ұқсас бұйымдар, 7413 00 000 1 - тазартылған мыстан жасалған, 7413 00 000 8 - өзгелерін, 7601 20 200 9 - өзгелерін, 7801 91 000 0 - құрамында басқа элементтер арасында массасы бойынша басым элемент ретінде сүрме бар, 7801 99 100 0 – тазартуға арналған, құрамында 0,02% салм. немесе одан астам күміс (қара қорғасын немесе веркебли) 7801 99 900 0 - өзгелерін әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілді.