«Абай ауданының мәдениеті: жетістіктер, шығармашылық жеңістер және дамудың жаңа көкжиектері»

    Абай ауданының әкімдігі

    Абай ауданында 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі және 5 ауылдық клуб жүйелі жұмыс жасап тұр. Онда, жалпы саны 138 адам аудан көлемінде халыққа мәдени тұрғыда қызмет көрсетіп, тұрғындардың рухани қажеттілігін қамтамасыз етуде елеулі еңбек етіп келеді.
    2026 жылдың 8 айына 9 мәдениет ошақтары бойынша 176 мәдени іс-шара өтті.
    2026 жылдың маңызды іс-шаралары:
    Биылғы жыл Абай ауданының мәдени өмірінде ерекше жетістіктерге толы болды.Ең басты оқиғалардың бірі – облыстық «Абай елі – өнер кеніші» көркемөнерпаздар байқауында аудан өнерпаздарының Бас жүлдені жеңіп алуы. Бұл жеңіс аудан мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетіп қана қоймай, ауданымызға заманауи жылжымалы сахна тарту етілуіне мүмкіндік берді.

    Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ауданымыздың бірқатар өнер майталмандары жоғары марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, дарынды әртіс Космонавт Сағидоллаұлы облыстық «Руханият–2026» сыйлығының «Сахна саңлағы» номинациясының лауреаты атанды.

    Сондай-ақ, қазақ ән өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін әнші Нұрбек Тұрсынұлы Қазақстан Кәсіподақтары қоғамдық бірлестігінің «Мәдениет саласының кәсіподақ үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

    Жыл көлемінде қазақ ән өнерінің көрнекті өкілі Баян Сағынбаеваның 75 жылдығына арналған «Абай елінің ән әлемінің падишасы – Ақ Баян» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылып, өнер иесінің мұрасы кеңінен насихатталды.

    Сонымен қатар, Наурыз мерекесі аудан орталығы мен барлық ауылдық округтерде ұлттық салт-дәстүрді дәріптеген этноауылдар ұйымдастырылып, ұлттық спорт ойындары мен мерекелік концерттер жоғары деңгейде өткізілді.

    Алакөл жағалауында «Алакөл алаулары-2026» фестивалі аясындағы концерттік бағдарламалардың Абай облысы әкімі Б.Уәлидің бекіткен кестесіне сәйкес, «Alakol алаулары-2026» жаздың ең жарқын әуендері атты мәдени іс-шарада «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің ұйымдастырып концерттік бағдарлама өткізді.

    Қазақ поэзиясының алдаспаны, батыр әрі қолбасшы Ақтанберді жырау Сарыұлының 350 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынның ашылуы мен мерекелік концерт көрерменге рухани серпіліс сыйлады. Жиналған қауым баба рухына тағзым етіп, ұлттық өнеріміздің кәусар бұлағынан сусындап қайтты. Бұл кеш – бабалар аманатына деген адалдық пен елдік рухтың асқақтаған күні болды.

    10 тамыз-Абай күні-Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының бай әдеби меншігін насихаттау, өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды дарыту және ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында концерт өтті.

    Материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында биыл ауқымды жұмыстар атқарылды. Облыстық «Абай елі – өнер кеніші» байқауында Бас жүлде иеленудің нәтижесінде ауданымызға заманауи жылжымалы сахна тарту етілді. Оның техникалық мүмкіндіктерін толықтыру мақсатында соңғы үлгідегі кәсіби дыбыс аппаратурасы сатып алынды. Бүгінде бұл кешен ашық аспан астында жоғары деңгейдегі концерттер мен мәдени іс-шараларды өткізуге мүмкіндік беріп отыр.

    Сонымен қатар, аудандағы барлық 9 мәдениет мекемесі жаңа кәсіби микрофондармен және заманауи ноутбуктермен қамтамасыз етілді. Бұл жабдықтар мәдениет қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, іс-шараларды жаңа форматта, сапалы техникалық деңгейде өткізуге мүмкіндік беруде.

    ​Абай ауданының мәдениет және өнер саласын дамытуға, мәдениет нысандарының қызметін қамтамасыз етуге және жоспарлы іс-шараларды өткізуге бюджеттен қажетті қаражат толықтай бөлініп, мақсатты түрде жұмсалды.

    ​​Мәдениет ошақтарын ұстау: Аудан бойынша 9 ауылдық мәдениет нысанының үздіксіз жұмыс істеуіне, қызметкерлердің еңбекақысына және коммуналдық шығындарына қажетті қаржы уақытылы төленді.

    ​Берілгені: 615634,9

    Жұмсалғаны:

    111- ерекшеліктен -28883,0

    121-ерекшеліктен-1689,0

    122-ерекшеліктен-1212,0

    124-ерекшеліктен-790,0

    116-ерекшеліктен-711,0

    151-ерекшеліктен-551,0

    159-ерекшеліктен-7043,0

    ​

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

    Абай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Абай ауданында халықтың әлеуметтік қолдауын қамтамасыз ету және азаматтардың жұмыспен қамтылуын күшейту жұмыстары жүргізілуде

    2026 жылы атаулы әлеуметтік көмек (12226 теңге) 93 отбасына (553 адам, оның ішінде 358 бала) тағайындалып,60849.0 мың теңге көлемінде төленді. Оның ішінде: – 59 көпбалалы отбасы (404 адам, 281 бала); – 34 аз қамтылған от...

    Абай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Ата-аналарға сұрақ: мектептегі тәрбиелік жұмысты жақсарту үшін сіздің пікіріңіз маңызды!

    Құрметті ата-аналар! Сіздерді сауалнамаға қатысуға шақырамыз! https://forms.office.com/r/ZAKeAsAkr2 Мақсаты — бағдарламаның мектептерде жүзеге асырылуы туралы пікірлеріңізді білу, кездесетін қиындықтарды анықтау және...

    Абай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Абай ауданында халықты әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту шараларын іске асыру: 2026 жылдың қорытындылары»

    2026 жылы атаулы әлеуметтік көмек (12226 теңге) 93 отбасына (553 адам, оның ішінде 358 бала) тағайындалып, 60849.0 мың теңге көлемінде төленді. Оның ішінде: – 59 көпбалалы отбасы (404 адам, 281 бала); – 34 аз қамтылған о...

    Абай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АБАЙ ОБЛЫСЫ, АБАЙ АУДАНЫНЫҢ УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ШЕКАРАЛАРЫ

    АБАЙ ОБЛЫСЫ, АБАЙ АУДАНЫНЫҢ УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ШЕКАРАЛАРЫ № 162 сайлау учаскесі Сайлау учаскесінің орталығы: «Абай аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты. Қарауыл ау...

    Абай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Абай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі

    Абай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі № р/с Елді-мекен атауы Үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар 1 Қарауыл ауылдық округі «Абай» алаңы, «Айсұлу» дүкені ғимаратын...

    Абай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Абай ауданы бойынша сайлаушылармен кездесуі үшін берілетін үй–жайлардың тізбесі

    Абай ауданы бойынша сайлаушылармен кездесуі үшін берілетін үй–жайлардың тізбесі № Елді-мекен атауы Нысан және оның орналасқан жері Кездесу кестесі 1. Қарауыл ауылдық округі "Абай аудандық мәдениет үйі" коммуналдық ғима...

    Абай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Абай облысы Абай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың тіркеу қорытындысы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау)

    2026 жылғы 01 қарашадағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі Туған жылы Жұмыс орны, лауазымы Тұрғылықты жері Кім ұсынды № 1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Ғабитов Аманбек Ғабитұлы 1986 «Бұқаралы...

    Абай ауданының әкімдігіЖарияланды: