Абай облысы Полиция департаментінің кіші және орта басшы құрамның бос лауазымдарына конкурс жариялау туралы хабарландыру
Абай облысы Полиция департаменті, Семей қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 17, анықтама телефондары: (8-7222)69-32-27, 69-30-36, электрондық мекенжай[email protected]кіші және орта басшы құрамның бос лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеп алуы туралы жариялайды:
1. Ішкі аудит тобының бас ревизоры (C-SVO-7) – 1 бірлік
2. Ішкі аудит тобының аға ревизоры (C-SVO-8) – 1 бірлік
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және муниципалдық басқару). Мемлекеттік аудитор біліктілігін беру туралы сертификаттың болуы. Жасы 35-тен аспауы тиіс.
3. Семей қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы (C-SSP-8) – 7 бірлік
4. Аягөз ауданы Полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы (C-SSP-8) – 1 бірлік
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: орта заңгерлік немесе арнаулы білім, жасы 35-тен аспауы тиіс. В және С санатындағы көлік құралдарын басқару құқығына арналған жүргізуші куәлігінің болуы.
5. Абай ауданы Полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары заңгерлік немесе арнаулы білім (педагогика және психология, бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, психология). Жасы 35-тен аспауы тиіс.
6. Аягөз ауданы Полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік
7. Үржар ауданы Полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, құқық және экономика негіздері, шет тілі: екі шет тілі, халықаралық қатынастар, теология, түркітану, әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, автоматтандыру және басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер). Жасы 35-тен аспауы тиіс.
8. Семей қаласы Полиция басқармасының Әуезов полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы (C-SVR-4) – 1 бірлік
9. Көкпекті ауданы Полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы (C-SVR-4) – 1 бірлік
10. Семей қаласы Полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы (C-SVR-4) – 4 бірлік
11. Шар қаласы Полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы (C-SVR-4) – 2 бірлік
12. Үржар ауданы Полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы (C-SVR-4) – 1 бірлік
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары заңгерлік немесе арнаулы білім (халықаралық құқық, бастапқы әскери дайындық, мемлекеттік және жергілікті басқару). Жасы 35-тен аспауы тиіс.
13. Аягөз ауданы Полиция бөлімінің жол және техникалық инспекция бөлімшесінің мемлекеттік автоинспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (көлік, көлік техникасы және технологиялары, тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану). Жасы 35-тен аспауы тиіс.
14. Жедел әрекет ету арнайы жасағының (батальон құқығындағы) инспекторы (C-SN-8) – 19 бірлік
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары заңгерлік немесе арнаулы білім (құқықтану, құқық, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық, бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс) немесе орта арнаулы білім. Жасы 35-тен аспауы тиіс. Спорттық атақтарының, разрядтарының, жекпе-жек түрлері немесе практикалық атыс бойынша біліктілігінің болуы талап етіледі.
15. Үржар ауданы Полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің әкімшілік практика тобының инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік
16. Курчатов қаласы Полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің әкімшілік практика тобының инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі). Жасы 35-тен аспауы тиіс.
17. Мақаншы ауданы Полиция бөлімінің цифрландыру және жасанды интеллект тобының инженері (C-SVR-8) – 1 бірлік
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (құқықтану, құқық қорғау қызметі, математика, информатика, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері). Жасы 35-тен аспауы тиіс.
18. Абай облысы Полиция департаментінің 1-санатты автокөлік шаруашылығының полицей-жүргізушісі (C-SV-12) – 6 бірлік
19. Аягөз ауданы Полиция бөлімінің тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (C-SV-12) – 1 бірлік
20. Шар қаласы Полиция бөлімінің тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (C-SV-12) – 2 бірлік
21. Абай ауданы Полиция бөлімінің тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (C-SV-12) – 1 бірлік
22. Курчатов қаласы Полиция бөлімінің тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (C-SV-12) – 2 бірлік
23. Жарма ауданы Полиция бөлімінің тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (C-SV-12) – 2 бірлік
24. Ақсуат ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының полицей-жүргізушісі (C-SV-12) – 1 бірлік
25. Аягөз ауданы Полиция бөлімінің цифрландыру және жасанды интеллект тобының технигі (C-SV-13) – 1 бірлік
26. Бородулиха ауданы Полиция бөлімінің тылдық қамтамасыз ету тобының старшинасы (C-SV-12) – 1 бірлік
27. Жарма ауданы Полиция бөлімінің тылдық қамтамасыз ету тобының старшинасы (C-SV-12) – 1 бірлік
28. Бородулиха ауданы Полиция бөлімінің тылдық қамтамасыз ету тобының технигі (C-SV-13) – 1 бірлік
29. Ақсуат ауданы Полиция бөлімінің кеңсе технигі (C-SV-13) – 1 бірлік
30. Бородулиха ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының полицейі (C-SV-12) – 1 бірлік
31. Бородулиха ауданы Полиция бөлімінің тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (C-SV-12) – 2 бірлік
32. Курчатов қаласы Полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының полицей-жүргізушісі (C-SV-12) – 1 бірлік
33. Бородулиха ауданы Полиция бөлімінің кеңсе технигі (C-SV-13) – 1 бірлік
34. Жезкент кенттік полиция бөлімшесінің полицей-жүргізушісі (C-SV-12) – 2 бірлік
35. Жарма ауданы Полиция бөлімінің кинологиялық қызмет тобының инспектор-кинологы (C-SV-12) – 1 бірлік
36. Жарма ауданы Полиция бөлімінің кинологиялық қызмет бөлімшесінің кіші инспектор-кинологы (C-SV-13) – 1 бірлік
37. Жарма ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының полицей-конвойшысы (C-SV-12) – 1 бірлік
38. Үржар ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының полицейі (C-SV-12) – 2 бірлік
39. Көкпекті ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының полицей-конвойшысы (C-SV-12) – 2 бірлік
40. Үржар ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының полицей-жүргізушісі (C-SV-12) – 1 бірлік
18–40-тармақтарда көрсетілген лауазымдарға қойылатын жалпы талаптар: орта білім, жасы 35-тен аспауы және әскери қызметтен өтуі тиіс.