Абай облысы Полиция департаменті Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2025 жылғы 26 наурыздағы №218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде(бұдан әрі – бұйрық)жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
Мақсат– қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 773 бұйрығымен бекітілген Абай облысы Полиция департаменті бастығының номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген қызметкерлер хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей
Абай облысы Полиция департаментіЖеке құраммен жұмыс жөніндегібасқармасына үлгіге сәйкес баянат және "Құжаттамашы" жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.
Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:
1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарынасәйкес келмейтін(ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
Абай облысы Полиция департаменті номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:
- Полиция департаменті басқарма бастығының орынбасарлары -С-SVO-4 санаты;
- Полиция департаменті басқарма бөлімдері – C-SVО-5 санаты;
- Полиция департаменті басқарма бөліністері (ПД Кинология қызметі орталығы және Автошаруашылық) – C-SVО-6 санаты;
- рота, взвод командирі (ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы) –
С-SN-6***, С-SN-7***санаты;
- взвод командирлері (ПД Патрульдік полиция батальоны, Айдауыл қызметі взводы) – C-SSP-5 санаты;
- Полиция департаменті қалалық және аудандық полиция бөліністеріне –
C-SVR-3, C-SVR-5 санаты.
2)қолданыстағытәртіптік жазалары бар;
3) оларға қатыстықызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқан.
Сұрақтар туындаған жағдайдаАбай облысы Полиция департаменті
Жеке құраммен жұмыс жөніндегібасқармасы қызмет өткеруді ұйымдастыру бөліміне хабарласуға болады, анықтама телефондары 8 (7222) 69-30-43.
Ескертпе:жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.