Шетелдік делегация «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының цифрлық шешімдерімен танысты

    "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" ММ

    Балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған цифрлық құралдарды қолдану бойынша қазақстандық тәжірибе шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қызығушылығын тудырды. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының 111 байланыс орталығына Финляндия, Жапония, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің Бала құқықтары жөніндегі уәкілдері, сондай-ақ БҰҰ мен ЮНИСЕФ өкілдерінен құралған халықаралық делегация келді. Іс-шара ҚР Құрылтайының вице-спикері Динара Закиеваның шақыруымен«Балалар үні: ұлттық стратегиялар және қауіпсіз цифрлық орта» атты ІІ Халықаралық форумы аясында ұйымдастырылды.

    Іс-шара барысында делегация мүшелері байланыс орталығының жұмысын ұйымдастыру, келіп түскен өтініштерді жедел өңдеу және балаларға көмек көрсету тетіктерімен танысты. Әсіресе, балаларға буллинг, зорлық-зомбылық фактілері және өзге де мәселелер туралы хабарлауға мүмкіндік беретін QR-арнаға ерекше назар аударылды. Аталған цифрлық шешім Қазақстанда 2024 жылдың соңында іске қосылып, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қолдауымен еліміздегі барлық білім беру ұйымдарына енгізілді.

    Айта кетейік, QR-кодты сканерлеу арқылы бала арнайы чатқа өтіп, өз жағдайын баяндап, мамандардан жедел көмек ала алады. Оның ішінде психологиялық және құқықтық қолдау да қарастырылған. Егер келіп түскен ақпарат баланың өміріне, денсаулығына немесе қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрғанын көрсетсе, мәліметтер тиісті мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарына жолданады.

    2026 жылдың тоғыз айында 111 байланыс орталығына балалардан 51 мыңнан астам өтініш түскен. Оның басым бөлігі, яғни 48 мыңнан астамы QR-арна арқылы қабылданса, 3 мыңнан астамы телефон қоңыраулары арқылы тіркелген.

    «111 — отбасы мәселелері, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бойынша көмек көрсететін байланыс арнасы. Байланыс орталығының қызметі 2023 жылы Мемлекеттік корпорацияға берілді. Содан бері орталық мамандары 552 мыңнан астам өтініш қабылдады. Оның 193 мыңнан астамы тікелей балалардан келіп түскен», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

    Халықаралық делегация мүшелері 111 байланыс орталығының тәжірибелік маңыздылығын атап өтіп, балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған осындай тетіктерді өз елдерінде енгізу мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты. Бағдарлама аясында шетелдік қонақтар Мемлекеттік корпорацияның Ахуалдық орталығы мен елордадағы халыққа қызмет көрсету орталығына да барды. Ахуалдық орталықта делегацияға жұмыс процестерін бақылау, деректерді талдау және құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру мүмкіндіктері таныстырылды. Ал халыққа қызмет көрсету орталығында қонақтар мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдетуге бағытталған цифрлық шешімдермен танысты. Осылайша, халықаралық делегация өкілдері заманауи технологиялардың «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы қызметінің түрлі бағыттарында іс жүзінде қалай қолданылып жатқанын көрді.

    Шетелдік делегация «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының цифрлық шешімдерімен танысты

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың тіркеу туралы АҚПАРАТ

    Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың тіркеу туралыАҚПАРАТ(2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 28 қазандағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша №р/р Аты-жөні, тегі Туған жылы Жұмыс орны, лауазымы...

    Балқаш қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы, (санаты E-R-4, №1-3) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5587491285

    Балқаш қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы", (санаты E-3, №5-1) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5587171726

    Балқаш қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының секторының бас маманы, (санаты E-R-4, №2-1-2) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5587221851

    Балқаш қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының секторының бас маманы, (санаты E-R-4, №2-1-1) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5587217308

    Балқаш қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    "Балқаш қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі спорт секторының бас маманы, (E-R-4 санаты, № 2-1-1) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    Балқаш қаласы әкімінің аппараты Конкурс туралы ақпарат Құжаттарды қабылдау мерзімі: 02.11.2026 - 03.11.2026 ЖҚБ нәтижелері бойынша ТОП-5 (рейтинг есебі сағат 23:00-ден кейін жүргізіледі)04.11.2026 Практикалық бағалау: 05...

    Балқаш қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" ММ төтенше жағдайлар және азаматтық қорғау жөніндегі бас маманы (санаты E-4, №1-8), «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    Балқаш қаласы әкімінің аппараты Конкурс туралы ақпарат Құжаттарды қабылдау мерзімі: 02.11.2026 - 03.11.2026 ЖҚБ нәтижелері бойынша ТОП-5 (рейтинг есебі сағат 23:00-ден кейін жүргізіледі)04.11.2026 Практикалық бағалау: 05...

    Балқаш қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, (E-R-4 санаты, № 1-2) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    Балқаш қаласы әкімінің аппараты Конкурс туралы ақпарат Құжаттарды қабылдау мерзімі: 02.11.2026 - 03.11.2026 ЖҚБ нәтижелері бойынша ТОП-5 (рейтинг есебі сағат 23:00-ден кейін жүргізіледі)04.11.2026 Практикалық бағалау: 05...

    Балқаш қаласының әкімдігіЖарияланды: