Қарағанды облысы Нұра ауданы Тікенекті ауылы әкімінің аппаратымен 5 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтердің барлық 5 түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
2025 жылы 3 жеке тұлғаға және 2 заңды тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жағдайлары тіркелген жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткен мемлекеттік қызметшілер саны – 0.