"Қарағанды облысы Нұра ауданы Тікенекті ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесімен 5 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілген және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2024 жылы барлығы 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында көрсетілген қызметтен бас тарту жағдайлары тіркелген жоқ.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында 1 мемлекеттік қызметші біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Тікенекті ауыл әкімі: Е.О. Буркитбаев