2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

    Шортанды ауданының әкімдігі

    Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін және оны іске асыру қажетті шараларды белгілейтін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар.

    Мәслихаттар депутаттарының өкілеттік мерзімі –бес жыл.

    Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

    Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы мәслихат депутаты бола алады.

    Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың;

    сотталғандығы заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адамның;

    сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адамныңсайлануға құқығы жоқ.

    Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутаттардың жартысы, екінші жартысы - бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

    Аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

    Мәслихаттар депутаттығына:

    - партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға;

    - бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.

    Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

    Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.

    Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Шортанды ауданы бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде депутаттыққа кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау)

    № п/п Тегі, аты, әкесінің аты Туған жылы Жұмыс орны, атқаратын лауазымы Тұрғылықты жері Саяси партияға немесе қоғамдық бірлестікке қатыстылығы Ұлты № 1бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Алимбергенова Шолпан Кабжановн...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    "Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығыминистрі 2026 жылғы 16 қазандағы № 365 бұйрығына2-қосымша "Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу" мемлекеттік қыз...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    "Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығыминистрі 2026 жылғы 16 қазандағы № 365 бұйрығына 1-қосымша "Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру" мемлекеттік қызм...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Алматы облысы Шортанды аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау)

    2026 жылғы 27 қазандағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі Туған жылы Жұмыс орны, лауазымы Тұрғылықты жері Кім ұсынды № 1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Алимбергенова Шолпан Кабжановна 1970 «...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Қаулы

    Шортанды ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    Қосымша Шортанды ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «____» ________ № _____________ қаулысына 1-қосымша Шортанды ауданы әкімінің2021 жылғы 21 мамырдағы№ А-4/110 қаулысына 1-қосымша Шортанды ауданы әкімінің2022 жылғы 6 қаз...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІН TELEGRAM-БОТ АРҚЫЛЫ ТЕКСЕРЕ АЛАДЫ

    2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Шортанды ауданының тұрғындары өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін арнайы Sailau_Aqmo_bot. Telegram-боты арқ...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

    Сайлаушылардың тізімдерін тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы орган жасайды. Сайлаушылар тізімдеріне дауыс беру күніне он сегiз жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие және тұрғылықты жері бойынша сайлау...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ХАБАРЛАМА Үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын беру шарттары және төлем мөлшері туралы

    2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуіне байланысты «Shortandy News» газетінің редакциясы» ЖШС саяси партиялардың партиялық тізімдері мен бірмандаттық аумақтық...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды: