Павлодар облысының әкімдігі «2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулы жобасын дайындады (одан әрі – Жоба).
Жоба Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жоба 2019 жылғы 18 сәуірде «Ашық НҚА» порталында орналастырылған, сонымен қатар облыстық қоғамдық кеңесінің ұсынымдарын алу үшін жіберілген.