Павлодар облысының әкімдігі «Павлодар облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу туралы» қаулы жобасын дайындады (одан әрі – Жоба).
Жоба Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 9-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
Жоба 2020 жылғы 18 маусымдағы «Ашық НҚА» порталында орналастырылған, сонымен қатар облыстық қоғамдық кенесінің ұсынымдарын алу үшін жіберілген.