Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» № 56/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулы жобасын дайындады (одан әрі – Жоба).
Жоба Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 24-6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жоба 2019 жылғы 16 сәуірде «Ашық НҚА» порталында орналастырылған, сонымен қатар облыстық қоғамдық кенесінің ұсынымдарын алу үшін жіберілген.