Целиноград аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақмол ауылы № 572/78-8 5 қазан 2026 жыл
Целиноград ауданының
нышанын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-5) тармақшасына, «Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35320 болып тіркелген) сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес, Целиноград ауданының нышаны бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес, Целиноград ауданы нышанының сипаттамасы бекітілсін.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева