Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының ауданның округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы хабарламасы

    Целиноград аудандық мәслихаты

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі - Конституциялық Заң) 19-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына және Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 80/86 «Округтік сайлау комиссияларының және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы» қаулысына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты келесі сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы хабарлайды:

    Округтік сайлау комиссиялары: № 1 – 3, № 2 – 5, № 7 – 1, № 8 - 2, № 10 - 1, № 11 - 1, № 13 - 3, № 15 - 2.

    Учаскелік сайлау комиссиялары: № 647-1.

    Сайлау комиссияларының құрамында барлығы 19 (он тоғыз) бос орын бар.

    Осыған байланысты, саяси партиялардан немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерден және Қазақстан Республикасының қалыптастырыушы сайлау комиссияларына қатысты жоғары тұрған сайлау комиссияларынан ұсыныстар Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 мекенжайы бойынша 2026 жылғы 29 қыркүйектен бастап 14 қазанға дейін дейін (қоса алғанда) қабылданады.

    Жауапты тұлға – Адильбекова Кымбат Шадаевна, № 401 кабинет, қызметтік телефон нөмірі 30-165, электронды пошта мекен-жайы - [email protected]

    Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы партияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 29 қыркүйектен 14 қазанға дейін (қоса алғанда) мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

    1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;

    2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

    3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі);

    4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

    Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

    Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау Қосымша 5.1 учаскелік туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

    Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

    Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

    Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, Орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

    Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 14 қазанға дейін (қоса алғанда) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

    Целиноград аудандық мәслихаты

    Қосымша 5.1 округтік

    Қосымша 5.1 учаскелік

    Жүктеу
    Приложение окружной
    Приложение окружной
    DOCX · 16 КБ
    Жүктеу
    Приложение участковый
    Приложение участковый
    DOCX · 16 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    Целиноград ауданының нышанын бекіту туралы

    Целиноград аудандық мәслихатының ШЕШІМІ Ақмол ауылы № 572/78-8 5 қазан 2026 жыл Целиноград ауданының нышанын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қаза...

    Целиноград аудандық мәслихатыЖарияланды:
    Ақпарат

    «Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағына ие азаматтардың тізімі

    «Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағына ие азаматтардыңТІЗІМІ № Тегі, аты, әкесінің аты Дата и год рождения Общие данные Дата и № решения районного маслихата о присвоении звания Примечание 1 2 3 4 5 6 1. Сыздықов...

    Целиноград аудандық мәслихатыЖарияланды:
    Қаулы

    Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды іске асыру қорытындылары туралы

    Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды іске асыру қорытындылары туралы

    Целиноград аудандық мәслихатыЖарияланды:
    Қаулы

    Целиноград ауданы аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы

    Ветеринарлық қауіпсіздік туралы қаулы

    Целиноград аудандық мәслихатыЖарияланды:
    Кесте

    Целиноград ауданының 2026 жылғы IV тоқсанына депутаттардың жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауы кестесі

    Кесте IV-тоқсан

    Целиноград аудандық мәслихатыЖарияланды:
    Хаттама

    Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі отырысының хаттамасы 07.09.2026 ж.

    Қоғамдық кеңестің 07.09.2026 ж. хаттамасы

    Целиноград аудандық мәслихатыЖарияланды:
    Хаттама

    Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі отырысының хаттамасы 28.08.2026 ж.

    Қоғамдық кеңестің 28.08.2026 ж. хаттамасы

    Целиноград аудандық мәслихатыЖарияланды:
    Хаттама

    Целиноград ауданының Қоғамдық кеңесі отырысының Ххаттамасы 02.04.2026 ж.

    Қоғамдық кеңестің 02.04.2026 ж. хаттамасы

    Целиноград аудандық мәслихатыЖарияланды: