Электрондық шот-фактуралар цифрлық жүйесінде орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің электрондық актісін ресімдеу кезінде айналым жасалған күнді айқындау жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберіндегі заңнаманы талдау

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

    Электрондық шот-фактуралар цифрлық жүйесінде орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің электрондық актісін ресімдеу кезінде айналым жасалған күнді айқындау жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберіндегі заңнаманы талдау

    1. Кіріспе бөлім

    Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандары, оның ішінде орындалған жұмыстар актісінің (Р-1 нысаны) нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен бекітілген.

    Электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ ЦЖ) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің электрондық актілерін (бұдан әрі – ОЖЭА) ресімдеу функционалы іске асырылған. Сонымен қатар салық төлеушілердің бір бөлігі орындалған жұмыстар актілерін қағаз жеткізгіште пайдалануды жалғастыруда, бұл электрондық құжат айналымына көшуге кедергі келтіретін ұйымдастырушылық және функционалдық факторлардың бар екенін көрсетеді.

    Осындай факторлардың бірі – ОЖЭА ресімдеудің қолданыстағы тәртібі, оған сәйкес құжатқа электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалана отырып, екі тараптың қол қоюы талап етіледі. Жүйеде қол қою рәсімінің аяқталған күні құжатқа екінші тараптың қол қоюын ескере отырып айқындалады. Егер жұмыстар іс жүзінде бір есепті кезеңде орындалса, ал ОЖЭА екінші тарап келесі кезеңде қол қойса, салық төлеушіде айналым жасалған күнді көрсету және бастапқы құжаттардың деректерін салықтық есепке алу деректерімен салыстыру кезінде қиындықтар туындауы мүмкін.

    Осыған байланысты салық заңнамасының талаптарын ескере отырып, ОЖЭА айналым жасалған күнге сәйкес келетін жұмыстардың нақты орындалған (қызметтердің нақты көрсетілген) күнін көрсету мүмкіндігін көздейтін, бұл күнді тек ОЖЭА екінші тараптың қол қою сәтіне автоматты түрде байланыстыруды болдырмайтын пилоттық жобаны іске асыру ұсынылады.

    Пилоттық жобаны ЭШФ ЦЖ-де тіркелген және жүйеде тиісті хабарламаға ЭЦҚ қою арқылы қатысуға келісімін білдірген салық төлеушілерге қолдану ұсынылады. Пилоттық жобаға қатысу ерікті негізде жүзеге асырылады.

    Пилоттық жобаны іске асыру мерзімі – 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

    Көрсетілген кезең аяқталғаннан кейін пилоттық жобаның нәтижелеріне талдау жүргізу, айналым жасалған күнді айқындаудың ұсынылып отырған тетігінің тиімділігін және оның ЭШФ ЦЖ-де ОЖЭА қолдану аясын кеңейтуге ықпалын бағалау, сондай-ақ тиісті функционалды және нормативтік реттеуді одан әрі жетілдірудің орындылығын айқындау көзделеді.

    1. Пилоттық жобаның мақсаты және оны іске асыру қажеттілігінің негіздемесі

    Пилоттық жобаның мақсаты – шарттың нақты орындалу мән-жайларына және салық заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жұмыстардың орындалған (қызметтердің көрсетілген) күнін көрсету мүмкіндігін беру арқылы ЭШФ ЦЖ-де ОЖЭА ресімдеу тетігін жетілдіру, сондай-ақ осы тетіктің электрондық құжат айналымын дамытуға және салықтық әкімшілендіруге ықпалын бағалау.

    • Электрондық құжаттарды пайдалану кезіндегі қиындықтарды жою

    Қолданыстағы процесте электрондық құжатқа екі тарап та қол қою рәсімінен өтуі тиіс. Іс жүзінде құжатқа қол қою мерзімдері жұмыстардың орындалған немесе қызметтердің көрсетілген нақты кезеңімен сәйкес келмеуі мүмкін. Бұл күндерді қосымша бақылау, құжаттарды нақтылау және тараптардың іс-қимылдарын келісу қажеттілігіне әкелуі мүмкін. Нәтижесінде салық төлеушілер ОЖЭА қағаз құжатқа қарағанда анағұрлым қолайлы балама ретінде әрдайым қабылдай бермейді.

    Өз кезегінде қағаз құжат айналымы тараптарға актінің күнін жеке көрсетуге мүмкіндік береді, алайда құжаттарды физикалық түрде немесе дербес электрондық алмасу арқылы жіберуді талап етеді, оларды беру мен келісуге кететін уақытты ұлғайтады, сондай-ақ мәліметтерді сақтау мен автоматтандырылған өңдеуді қиындатады.

    Ұсынылып отырған пилоттық жоба осы қиындықтарды азайтуға бағытталған. Бұл ретте күнді дербес көрсету мүмкіндігі айналым жасалған күнді еркін өзгертуге мүмкіндік бермеуге тиіс: көрсетілген күн жұмыстардың нақты орындалуын (қызметтердің нақты көрсетілуін) көрсетуі және құжаттар мен салық заңнамасының нормаларына сәйкес келуі қажет.

    • ОЖЭА ресімдеу кезінде туындайтын қиындықтардың практикалық мысалы

    Мысалы, салық төлеуші 2026 жылғы 31 наурызда ЭШФ ЦЖ-де ОЖЭА ресімдейді. Алайда контрагент жұмыс күнінің аяқталуына және (немесе) құжатты қарау үшін қосымша уақыт қажет болуына байланысты оған ЭЦҚ арқылы тек 2026 жылғы 1 сәуірде қол қояды.

    Орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған күнді айқындаудың қолданыстағы тәртібіне сәйкес жұмыстардың орындалған (қызметтердің көрсетілген) күні деп орындалған жұмыстар актісінде көрсетілген қол қойылған күн танылады. Бұл ретте ЭШФ ЦЖ-де ОЖЭА ресімдеу кезінде құжатқа қол қою рәсімінің аяқталған күні екінші тараптың қол қойған күнін ескере отырып айқындалады.

    Нәтижесінде жұмыстар іс жүзінде 2026 жылғы наурызда орындалғанымен, ОЖЭА екінші тараптың қол қоюы сәуір айында жүзеге асырылады. Бұл салық төлеушіге тиісті салық кезеңін айқындау және 2026 жылғы 1-тоқсан үшін айналымды көрсете отырып, ЭШФ ресімдеу кезінде қиындықтар туғызады, өйткені электрондық құжатқа қол қою рәсімінің аяқталған күні 2026 жылғы 2-тоқсанға сәйкес келеді.

    Осындай жағдайларда салық төлеушілер орындалған жұмыстар актісінің қағаз нысанына басымдық беруі мүмкін. Қағаз нысанды ресімдеу кезінде тараптар жұмыстардың нақты орындалған күнін көрсетіп, құжатқа кейінірек қол қойылғанына қарамастан, актіге сол күнді көрсете отырып қол қояды. Сонымен бірге ЭШФ ЦЖ функционалы ОЖЭА әрбір тараптың ЭЦҚ арқылы қол қойған күнін тіркейді, бұл электрондық құжатқа іс жүзінде қол қойылған күнді ескермей, осындай тәсілді қолдануға мүмкіндік бермейді.

    Осылайша, ОЖЭА ресімдеудің қолданыстағы тетігі салық төлеушілер үшін қосымша қиындықтар туғызып, олардың электрондық құжат айналымына көшуге деген ынтасын төмендетуі мүмкін. Пилоттық жоба шеңберінде жұмыстардың нақты орындалған (қызметтердің нақты көрсетілген) күнін көрсету мүмкіндігін беру аталған практикалық қиындықтарды жоюға, электрондық құжаттарды ресімдеуді қолайлы етуге және цифрлық сервистерді қолдану аясын кеңейтуге қосымша жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

    • Цифрлық сервистерді дамыту

    Пилоттық жобаны іске асыру күнді айқындаудың икемді тетігі ОЖЭА пайдаланудың қолайлылығын қаншалықты арттыратынын, қолмен нақтылауды талап ететін жағдайлардың санын қысқартатынын және қағаз актілерден бас тартуға ынталандыратынын тексеруге мүмкіндік береді. Алынған нәтижелер ЭШФ ЦЖ пайдаланушылық сценарийлерін одан әрі жетілдіру және шаруашылық операцияларға қатысушылар арасындағы бірыңғай электрондық құжат айналымын дамыту үшін пайдаланылуы мүмкін.

    • Салықтық әкімшілендіру үшін маңызы және деректердің толықтығы

    ЭШФ ЦЖ-де ОЖЭА пайдалану орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы құрылымдалған мәліметтерді алуға мүмкіндік береді. Электрондық форматты қолдану аясы кеңейген кезде мемлекеттік кірістер органдары ОЖЭА деректерін ЭШФ және салық есептілігінің мәліметтерімен салыстыру, міндеттемелердің нақты орындалуы, бастапқы құжаттардың ресімделуі және айналымдардың көрсетілуі арасындағы уақыт алшақтықтарын талдау мүмкіндіктеріне ие болады.

    Сонымен бірге ОЖЭА болуының өзі әкімшілендіру үшін қажетті барлық мәліметтердің толықтығына кепілдік бермейді. Осыған байланысты пилоттық жоба шеңберінде мынадай мәліметтерді бағалау мүмкіндігі пайда болады:

    – құжатты қол қоюға жіберген күн, әрбір тараптың қол қойған күндері және келісу ұзақтығы;

    – күннің өзгеруі туралы мәліметтер, өзгерту себептері және осындай өзгерістердің тарихы;

    • ОЖЭА тиісті ЭШФ-мен және шартпен байланысы;

    – құжаттың мәртебелері, оның ішінде қол қоюдан бас тарту, құжатты кері қайтарып алу, түзету немесе күшін жою;

    – жұмыстардың орындалған күнін, ОЖЭА ресімдеу күнін және айналымның салықтық есепке алуда көрсетілген күнін салыстыруға мүмкіндік беретін мәліметтер.

    Аталған мәселелер жоспарланып отырған пилоттық жобаны іске асыру барысында талдау нысанасы болады.

    Сонымен қатар статистикалық деректер көрсетілетін қызметтер бойынша электрондық құжаттардың едәуір көлемін және ОЖЭА қолдану аясын одан әрі кеңейту әлеуетінің бар екенін көрсетеді.

    Анықтама үшін: 2024 жылы 487,6 мың салық төлеуші қызметтер көрсету бойынша 64,7 млн-нан астам ЭШФ жазып берген, 2025 жылы 591,8 мың салық төлеуші 69,4 млн ЭШФ жазып берген, ал 2026 жылдың 9 айында 427 мың салық төлеуші 67,7 млн-нан астам ЭШФ жазып берген.

    Бұл ретте ЭШФ ЦЖ-де электрондық форматта мынадай ОЖЭА ресімделген: 2024 жылы – 162,7 мың салық төлеуші 9,6 млн ОЖЭА, 2025 жылы – 219,7 мың салық төлеуші 11,6 млн ОЖЭА, ал 2026 жылдың 9 айында – 206,5 мың салық төлеуші 17,2 млн ОЖЭА ресімдеген.

    Осылайша, қызметтер көрсету бойынша ЭШФ жазып беретін салық төлеушілердің жалпы санындағы электрондық орындалған жұмыстар актілерін пайдаланатын салық төлеушілердің үлесі 2024 жылы 33,4%-ды, 2025 жылы 37,1%-ды және 2026 жылдың 9 айында 48,4%-ды құрады. Бұл ретте ресімделген ОЖЭА санының қызметтер көрсету бойынша жазып берілген ЭШФ санына қатынасы 2024 жылы 14,8%-ды, 2025 жылы 16,7%-ды және 2026 жылдың 9 айында 25,4%-ды құрады.

    Оң динамикаға қарамастан, салық төлеушілерді электрондық құжат айналымымен қамтуды одан әрі кеңейту әлеуеті сақталады.

    1. Құқықтық база және құқықтық негіздеме

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 460-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні (жекелеген жағдайларды қоспағанда) деп орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісінде көрсетілген қол қойылған күн танылады.

    Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 92-бабының ережелерінде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру мақсатында мемлекеттік кірістер органдары салықтық әкімшілендірудің және салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауының өзгеше тәртібін, оның ішінде салық агентінің функцияларын жүктеуді көздейтін пилоттық жобаны іске асыруға құқылы екені белгіленген.

    Пилоттық жобаны іске асыру пилоттық жобаға қатысуға келісімін білдірген тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 460-бабының 3-тармағының ережелерін қолданбай, электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесінде орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің электрондық актісін ресімдеу кезінде айналым жасалған күнді заңнамада белгіленген тәртіппен айқындауға мүмкіндік береді.

    Пилоттық жобаға қатыспайтын және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 460-бабының 3-тармағының ережелерін қолданатын тұлғалар үшін орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісін ресімдеу кезінде айналым жасалған күнді айқындау Салық кодексінің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

    1. Күтілетін нәтижелер

    Пилоттық жобаны іске асырудың күтілетін нәтижелері:

    – ОЖЭА цифрлық сервисін практикалық қолдану аясын кеңейту және салық төлеушілер үшін электрондық құжат айналымының тартымдылығын арттыру;

    – жұмыстардың нақты орындалған кезеңі мен электрондық актіге екі тараптың қол қою рәсімінің аяқталған күні сәйкес келмеуіне байланысты туындайтын ұйымдастырушылық қиындықтарды азайту;

    – ОЖЭА деректерін ЭШФ және өзге де салықтық ақпаратпен салыстыру үшін орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы құрылымдалған мәліметтердің қолжетімділігін арттыру;

    – функционалға деген сұраныс, күндер арасындағы алшақтықтардың жиілігі, құжаттарға қол қою ұзақтығы және пайдаланушылардың типтік проблемалары туралы нақты деректер алу;

    – ЭШФ ЦЖ функционалын, оның ішінде ОЖЭА ресімдеу мерзімінің жақындағаны туралы салық төлеушіге ескерту беру бөлігінде пысықтау қажеттілігін айқындау.

    ЭШФ ЦЖ-де ОЖЭА дамыту болашағы цифрлық теңге шеңберінде міндеттемелердің орындалуын цифрлық қадағалау элементтерінің бірі ретінде пайдаланылуы мүмкін.

    Атап айтқанда, ОЖЭА ресімдеу туралы мәліметтер жұмыстардың орындалу (қызметтердің көрсетілу) фактісінің құжатпен рәсімделгенін растау, өнім беруші, тапсырыс беруші, шарт, құн және міндеттемелердің орындалған күні туралы мәліметтерді цифрлық теңгедегі тиісті төлемдер туралы ақпаратпен салыстыру үшін қолданылуы мүмкін. Қажетті интеграциялар болған жағдайда болашақта шарттық міндеттемелердің орындалуы, бастапқы есепке алу құжаттары және ақша қаражатының қозғалысы арасында қосымша өзара байланысты қалыптастыруға мүмкіндік туады.

    ОЖЭА аталған процесте пайдалану есеп айырысулардың ашықтығын арттыруға, ақпараттық жүйелердің деректері арасындағы алшақтықтарды азайтуға және шарттардың орындалуын, сондай-ақ бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуын мониторингтеу үшін қосымша ақпараттық негіз қалыптастыруға ықпал етуі мүмкін.

    Осыған байланысты ОЖЭА одан әрі дамыту және салық төлеушілерді цифрлық құжат айналымымен қамтуды кеңейту мемлекеттік қаржыны цифрландыру процестерінде, оның ішінде цифрлық теңгені қолдану жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру кезінде ОЖЭА құрылымдалған деректерін кейіннен пайдалану үшін алғышарттар жасайды.

    Осылайша, пилоттық жоба қорытындылары бойынша оның тиімділігіне, оның ішінде салық міндеттемелерін орындаудың қолайлылығына, салық төлеушілердің әкімшілік шығындарына, деректердің сапасы мен толықтығына ықпалына талдау жүргізіледі, сондай-ақ функционалды одан әрі енгізудің орындылығы және нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу қажеттілігі жөнінде ұсыныстар әзірленеді.

    Жүктеу
    Анализ пилотного проекта по определению даты совершения оборота при оформлении электронного акта выполненных работ
    Анализ пилотного проекта по определению даты совершения оборота при оформлении электронного акта выполненных работ
    DOCX · 25 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Басқа

    01.10.2026 жылғы жағдайға cалықтық берешегінің шекті мөлшерінен асатын сомада пайда болған күннен бастап 4 (төрт) ай ішінде өтелмеген салықтық берешегі бар дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері туралы мәліметтер.

    Мемлекеттік кірістер комитетіЖарияланды:
    Басқа

    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша туындаған күннен бастап 4 ай ішінде өтелмеген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі бар төлеушілер туралы ақпарат

    Мемлекеттік кірістер комитетіЖарияланды:
    Ақпарат

    Кеден органдарының анықтамалығы

    Ел коды Кеден органының коды Қолданыс басталған күні Қолданыс аяқталған күні Кеден органының қысқаша атауы Кеден органының толық атауы Кеден органының мекенжайы Телефон Факс Электрондық пошта Жаңа код Ескі код Белгісі Құ...

    Мемлекеттік кірістер комитетіЖарияланды:
    Бұйрық

    "Арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтық міндеттемелер мен әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсаттары үшін арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану қағидаларын және арнаулы мобильді қосымша чегінің мазмұнын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 қазандағы № 647 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    "Арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтық міндеттемелер мен әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсаттары үшін арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану қағидаларын және арнаулы мобильді қосымша чегінің...

    Мемлекеттік кірістер комитетіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жер қойнауын пайдаланушының тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеу бойынша міндеттемелері қашан пайда болады?

    Жер қойнауын пайдаланушының тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеу бойынша міндеттемелері қашан пайда болады? Жауап: Салық кодексінің 769-бабының 1-тармағынасәйкестарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді(бұдан әрі -...

    Мемлекеттік кірістер комитетіЖарияланды:
    Ақпарат

    Пайдалы қазбалардың ПҚӨС салынуға жататын көлемін айқындау тәртібі?

    Пайдалы қазбалардыңПҚӨС салынуға жататын көлемін айқындау тәртібі? Жауап: Салық кодексінің 779-бабына сәйкес биржалық металдарға қатысты пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың (бұдан әрі –ПҚӨС) салық салу объекті...

    Мемлекеттік кірістер комитетіЖарияланды:
    Ақпарат

    Экспортқа рента салығын салу объектісі қандай?

    Экспортқа рента салығын салу объектісі қандай? Жауап: Салық кодексінің 747-бабына сәйкес экспортқа сатылатын шикі мұнай мен шикі мұнай өнімдерінің көлемі экспортқа рента салығының объектісі болып табылады. Бұл реттеСалық...

    Мемлекеттік кірістер комитетіЖарияланды:
    Ақпарат

    Каким образом определяется стоимость сырого газа для целей исчисления НДПИ по объемам сырого газа, который технологически неизбежно сжигается в факелах?

    Алауларда технологиялық тұрғыдан еріксіз жағылатын шикі газдың көлемі бойынша ПҚӨС есептеу мақсаты үшін шикі газдың құны қалай анықталады? Жауап: Салық кодексінің 771-бабының 2-тармағына сәйкес өндірілетін минералдық шик...

    Мемлекеттік кірістер комитетіЖарияланды: