Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастық жиынының № 1 ХАТТАМАСЫ

    "Сарыкеңгір селолық округі Малшыбай селосы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

    Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастық жиынының

    № 1 ХАТТАМАСЫ

    Малшыбай ауылы 17 қаңтар 2026 ж

    Малшыбай ауылы клубы сағ: 11-00

    Қатысқандар: Жергілікті қоғамдастық мүшелері 5 адам, «Сарыкеңгір ауылдық округі Малшыбай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мамандары.

    КҮН ТӘРТІБІ:

    1. Малшыбай ауылының 2026-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту;
    2. Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастығының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту;
    3. «Сарыкеңгір ауылдық округі Малшыбай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы Малшыбай ауылының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы бюджеттік өтінімінің жобасын талқылау.

    ТЫҢДАЛДЫ:

    Жиналысты Малшыбай ауылының әкімі Ерғазы Егізтайұлы Аянбаев ашып, жиналыс төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынды.

    Жиналыс төрағалығына Уәли Таевты, хатшылығына Ардақ Ерғалиұлы Досановты сайлауға ұсыныстар түсті.

    Жиналыс төрағасы Уәли Таев жиналғандарды күн тәртібімен таныстырды:

    1. Малшыбай ауылының 2026-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту;
    2. Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастығының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту;
    3. «Сарыкеңгір ауылдық округі Малшыбай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы Малшыбай ауылының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы бюджеттік өтінімінің жобасын талқылау.

    Күн тәртібі бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын:

    «Қолдағандар» - 5 адам.

    «Қарсы» - 0 адам.

    «Қалыс қалғандар» - 0 адам.

    Сөз Малшыбай ауылының әкімі Ерғазы Егізтайұлы Аянбаевқа берілді:

    Құрметті, жиынға қатысушылар, Сіздердің назарларыңызға, Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастығының 2026-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын ұсынамыз. Ескерту, алып-қосарларыңыз болса, айтыңыздар. /Қосымшада жеке ұсынылып отыр/

    Уәли Таев жиналыс төрағасы, кімде қандай ұсыныс, сұрақтар бар?

    Ұсыныс, сұрақ жоқ. Олай болса, күн тәртібіндегі екінші сұраққа көшейік.

    «Қолдағандар» - 5 адам.

    «Қарсы» - 0 адам.

    «Қалыс қалғандар» - 0 адам.

    Екінші мәселе бойынша, Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастық жиынының мүшесі Ержас Әшмұханұлы Мейрамов сөз алып, 2026 жылға арналған жергілікті қоғамдастықтың жұмыс жоспарымен таныстырды. (қосымшада). Жиналғандар бірауыздан мақұлдады.

    «Қолдағандар» - 15 адам.

    «Қарсы» - 0 адам.

    «Қалыс қалғандар» - 0 адам.

    Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша, Малшыбай ауылының әкімі Ерғазы Егізтайұлы Аянбаев сөз алып, жергілікті қоғамдастық мүшелерін Малшыбай ауылының 2026 жылға арналған бюджеттік өтінімімен таныстырды:

    Малшыбай ауылының 2026 жылға арналған бюджетін енгізу қажеттілігі туындап отыр. Сіздерді осы қажетті қаражаттар туралы ақпаратпен таныстыруға рұқсат етіңіздер:

    124.001.015 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» - 38 925,0 мың теңге.

    Оның ішінде 159 бағдарлама бойынша:

    124.008.015 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» - 5522,0 мың тенге.

    124.009.015 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» - 3000,0 мың теңге.

    124.011.015 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» - 3000,0 мың теңге.

    124.011.015 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» - «Малшыбай ауылында 1 га қатты тұрмыстық қалдықтар қоршауын орнату және төрт трансформаторды жерге қосу» - 13244,0 мың теңге.

    124.013.015 «Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін ұамтамасыз ету» - 4975,0 мың теңге.

    Мұханбетқали Сейтқазин, жергілікті қоғамдастық мүшесі: Сұратылып отырған қаржылар, керекті жеріне, орынды сұралып отыр. Сондықтан қолдаймын.

    «Қолдағандар» - 5 адам.

    «Қарсы» - 0 адам.

    «Қалыс қалғандар» - 0 адам.

    ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМ:

    1. Малшыбай ауылының 2026-2028 жылға арналған даму бағдарламасы мақұлдансын. Бағдарламада көрсетілген бағыттардағы жұмыстардың орындалысы бақылауға алынсын.
    2. 2026 жылға арналған жергілікті қоғамдастықтың жұмыс жоспары бекітілсін.

    Төраға: У. Таев

    Хатшы: А.Е. Досанов

    Жүктеу
    ПРОТОКОЛ № 1 схода местного сообщества села Малшыбай
    ПРОТОКОЛ № 1 схода местного сообщества села Малшыбай
    DOCX · 16 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хаттама

    Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы

    Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы

    Есеп

    «Сарыкеңгір селолық округі Малшыбай селосы әкімінің аппараты» ММ-нің 2026 жылдың 6 айына мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

    «Сарыкеңгір селолық округі Малшыбай селосы әкімінің аппараты» ММ-нің 2026 жылдың 6 айына мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығымен б...

    Қағида

    Село, Кент және ауылдық округтері әкімдерінің көрсететін мелмекеттік қызметтері

    Село, Кент және ауылдық округтері әкімдерінің көрсететін мелмекеттік қызметтерінің Ережесі

    Қағида

    "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    Қазақстан РеспубликасыныңАуыл шаруашылығы министрінің2020 жылғы 1 қазандағы№ 301 бұйрығына5-қосымша "Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары Ескерту. 5-қосы...

    Қағида

    "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    Қазақстан РеспубликасыныңАуыл шаруашылығыминистрінің2020 жылғы 1 қазандағы№ 301 бұйрығына4-қосымша "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер...

    Есеп

    «Сарыкеңгір селолық округі Малшыбай селосы әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

    «Сарыкеңгір селолық округі Малшыбай селосы әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген...

    Ақпарат

    Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері

    ҚР Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 25-бабы Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері Көрсетіле...

    Ақпарат

    Мемлекеттік қызметтердің реестрі

    Мемлекеттік қызметтердің реестрі