Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері

    "Сарыкеңгір селолық округі Малшыбай селосы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

    ҚР Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 25-бабы

    Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері

    1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдары осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралуға жатады.
    2. Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган шағымды қарау қорытындылары бойынша:

    1) көрсетілетін қызметті алушының шағымы бойынша орталық мемлекеттік орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация қабылдаған шешімге оның қанағаттанбауы себептерін кешенді зерделеуді қамтамасыз етуге;

    2) орталық мемлекеттік орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталмау фактісі анықталған жағдайда олардың атына көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру жөнінде шаралар қолдану үшін ұсыныстар жіберуге;

    3) көрсетілетін қызметті алушының шағымын орталық мемлекеттік орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі тарапынан қанағаттандырудың уақтылылығы мен толықтығын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

    1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шағымды қарау мерзімі:

    1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

    2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

    Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    «Сарыкеңгір селолық округі Малшыбай селосы әкімінің аппараты» ММ-нің 2026 жылдың 6 айына мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

    «Сарыкеңгір селолық округі Малшыбай селосы әкімінің аппараты» ММ-нің 2026 жылдың 6 айына мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығымен б...

    Қағида

    Село, Кент және ауылдық округтері әкімдерінің көрсететін мелмекеттік қызметтері

    Село, Кент және ауылдық округтері әкімдерінің көрсететін мелмекеттік қызметтерінің Ережесі

    Қағида

    "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    Қазақстан РеспубликасыныңАуыл шаруашылығы министрінің2020 жылғы 1 қазандағы№ 301 бұйрығына5-қосымша "Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары Ескерту. 5-қосы...

    Қағида

    "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    Қазақстан РеспубликасыныңАуыл шаруашылығыминистрінің2020 жылғы 1 қазандағы№ 301 бұйрығына4-қосымша "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер...

    Есеп

    «Сарыкеңгір селолық округі Малшыбай селосы әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

    «Сарыкеңгір селолық округі Малшыбай селосы әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген...

    Ақпарат

    Мемлекеттік қызметтердің реестрі

    Мемлекеттік қызметтердің реестрі

    Ереже

    "Сарыкеңгір селолық округі Малшыбай селосы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

    "Сарыкеңгір селолық округі Малшыбай селосы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

    Заң

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының Заңы

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының Заңы