Медицина мекемелерінде қазақ тілін үйрету және қолдану мәселелері талқыланды

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

    Медицина мекемелерінде қазақ тілін үйрету және қолдану мәселелері талқыланды

    2026 жылғы 14 қазанда Алматыдағы Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпитальда «Медицина мекемелерінде қазақ тілін үйрету мәселесі» атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға медицина және ғылыми ұйымдардың өкілдері, тіл мамандары мен журналистер қатысты. Госпиталь ұжымынан
    35 қызметкер қатысып, 30-дан астам адам онлайн қосылды.

    Госпиталь директоры Гаухар Тазабекқызы жиынды құттықтау сөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік, талқылаудың нәтижелі өтуін тіледі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысы Айжан Алдангорова медициналық терминдерді ғылыми тұрғыдан саралап, жүйелеудің маңызын атап өтті.

    Абай атындағы ҚазҰПУ-дың зерттеуші профессоры, саяси ғылымдар докторы Гүлмира Сұлтанбаева пандемия кезіндегі инфодемияға тоқталып, тексерілген ақпаратты жедел жеткізудің ұлт денсаулығын сақтаудағы рөлін ерекше атады.

    Госпитальдың терапия бөлімшесінің меңгерушісі, ҚазҰМУ оқытушысы, медицина ғылымдарының кандидаты Құралай Аширбекова қазақ тілінде білім беру мен медициналық қызмет көрсету тәжірибесін бөлісті.

    А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері, PhD докторант Елімай Шынатай кәсіби қазақ тілін оқытуда дәрігер мен пациент арасындағы қарым-қатынасқа басымдық беру қажеттігін айтты. Ол терминдердің электрондық базасын әзірлеу, оқу бағдарламаларын жетілдіру және тіл мамандары мен дәрігерлердің бірлесіп жұмыс істеуін ұсынды. Осы институттың зерттеушісі Самал Бейсенхан медициналық терминдерді сөйлеуден автоматты танудың лингвистикалық мәселелерін таныстырды.

    ҚазҰМУ өкілі, баспагер-журналист Нұрлан Айбекұлы мен Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының мультимедиа маманы, журналист Жұлдыз Жаменкина медицина жаңалықтарын жариялау және қазақша контент сапасын арттыру мәселелерін қозғады.

    Талқылауда DamuMed және басқа цифрлық жүйелердің қазақша интерфейсін жетілдіру, интернатура мен резидентурада кәсіби қазақ тілін оқытуды күшейту, аударма сапасын жақсарту және мемлекеттік тілде қызмет көрсететін мамандарды қолдау жолдары қарастырылды.

    Іс-шара соңында госпитальдың баспасөз хатшысы Дастан Қастай журналистерді, тіл мамандары мен дәрігерлерді ортақ ұстанымға келіп, бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Сонымен қатар ұлттық ғылым мен қазақ тіліндегі медициналық терминологияны дамытуда тұрақты ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

    Медицина мекемелерінде қазақ тілін үйрету және қолдану мәселелері талқыланды
    Медицина мекемелерінде қазақ тілін үйрету және қолдану мәселелері талқыланды
    Медицина мекемелерінде қазақ тілін үйрету және қолдану мәселелері талқыланды
    Жүктеу
    Информация
    Информация
    DOCX · 14 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    ҚР ДСМ 2026 жылғы 1 қазандағы бюджет қаражатының игерілуі туралы

    ҚР ДСМ 2026 жылғы 1 қазандағы бюджет қаражатының игерілуі туралы

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Бұйрық

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 124 "Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-133/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" бұйрығы

    БҰЙЫРАМЫН: 1. "Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-133/2020 бұйрығына (Норма...

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Ақпарат

    Хабарландыру

    «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС Тексеру комиссиясының мүшесі бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, мекен жайы: 010000, Қазақстан Республикасы,...

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Ақпарат

    Хабарландыру

    ХАБАРЛАНДЫРУ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы»шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақ...

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Бұйрық

    «Дипломнан кейінгі білім беру медициналық академиясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік аттестаттаудан өтті деп тану туралы

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Бұйрық

    Ғылыми-техникалық кеңес бойынша ережені бекіту туралы

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Бұйрық

    Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидаларын, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Бұйрық

    Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға клиникалық зерттеулер, организмнен тыс (in vitro) диагностикалауға арналған медициналық бұйымдарға клиникалық-зертханалық сынақтар жүргізу қағидаларын және клиникалық базаларға қойылатын талаптарды және "Фармакологиялық немесе дәрілік затқа, медициналық бұйымға интервенциялық клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

    ҚР ДСМЖарияланды: