HR Enbek: жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы хабарлама нені білдіреді

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілерге HR Enbek порталы арқылы қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын (бұдан әрі – ЖОМС шарты) жасасу немесе оның қолданылу мерзімін ұзарту қажеттігі туралы жолданатын хабарламалардың қалыптастырылу тәртібін түсіндіреді.

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті. ЖОМС шартын жасасу – заңнамада белгіленген міндетті талап. Міндетті сақтандыру шартын жасамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік жауапкершілік көзделген.

    HR Enbek порталындағы хабарламалар ақпараттық жүйе қолданыстағы ЖОМС шарты туралы тиісті мәліметтердің жоқ екенін анықтаған жағдайда автоматты түрде қалыптастырылады.

    Хабарламаларды қалыптастыру кезінде HR Enbek порталында тіркелген қолданыстағы еңбек шарттары туралы мәліметтер, сондай-ақ Бірыңғай сақтандыру дерекқорынан келіп түсетін және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық жүйелерімен интеграцияланған ЖОМС шарттары туралы ақпарат пайдаланылады.

    Бұл ретте хабарламаның алынуы жұмыс беруші тарапынан заңнама талаптарының бұзылғанын автоматты түрде білдірмейді. Хабарлама ақпараттық жүйе анықтаған мәліметтер арасындағы сәйкессіздік туралы мәлімет береді және жұмыс берушіге ақпаратты уақтылы тексеріп, қажет болған жағдайда тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік беру мақсатында жолданады.

    Сәйкессіздіктер, оның ішінде, жақында жасалған немесе ұзартылған ЖОМС шарты туралы мәліметтердің ақпараттық жүйелерге әлі келіп түспеуіне немесе жаңартылмауына байланысты туындауы мүмкін.

    Хабарлама алған жағдайда жұмыс берушілерге:

    • егер ЖОМС шарты жасалмаған немесе оның қолданылу мерзімі аяқталған болса – белгіленген тәртіппен шарт жасасу немесе оның қолданылу мерзімін ұзарту үшін сақтандыру ұйымына жүгіну;
    • егер ЖОМС шарты жасалған және қолданыста болса – оның қолданылу мерзімін, жұмыскерлерді қамту толықтығын және шарт туралы мәліметтердің ақпараттық жүйелердегі мәліметтерге сәйкестігін тексеру ұсынылады. Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда деректерді нақтылау және жаңарту үшін сақтандыру ұйымына жүгіну қажет.

    ЖОМС шарты жақында жасалған немесе ұзартылған болса – сақтандыру ұйымы мәліметтерді бергеннен кейін және ол тиісті өңдеуден өткеннен кейін түсетінін ескеру қажет. Осыған байланысты HR Enbek порталындағы ақпараттың жаңартылуы белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылуы мүмкін.

    Келіп түскен хабарламалар жұмыс берушінің жеке кабинетінде сақталады.

    Хабарлама қайталап келген жағдайда жұмыс берушіге ЖОМС шарты туралы мәліметтердің берілу және жаңартылу мәртебесін нақтылау үшін сақтандыру ұйымына жүгіну ұсынылады.

    Министрлік хабарламаларды жіберу ақпараттық-профилактикалық сипатқа ие екенін және жұмыс берушілерді заңнама талаптарын сақтау қажеттігі туралы уақтылы хабардар етуге, сондай-ақ қызметкерлердің сақтандырылуын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтеді.

    Жұмыс берушілерге ЖОМС шарттарының бар-жоғын және қолданылу мерзімін уақтылы тексеру, сондай-ақ ақпараттық жүйелердегі қызметкерлерді сақтандыру туралы мәліметтердің өзектілігін қамтамасыз ету ұсынылады.

    Жүктеу
    5b5d9491a1999405e5d82a87d28f4c425b655b833c8ea81bd8baf7742767f563_original.15699.docx
    DOCX · 15 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    НҚА жобасы

    «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеушілік әсерді талдау жобасы

    «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеушілік әсерді талдау жобасы 1-...

    Есеп

    Анықтама 2026 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ҚР ЕХӘҚМ қарауына келіп түскен жолданымдар туралы

    АНЫҚТАМА 2026 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ҚР ЕХӘҚМ қарауына келіп түскен жолданымдар туралы 2026 жылдың 9 айында Министрліктің орталық аппаратына (қайта жолданған жолданымдарды қоса алғанда) 210 334 жолданым келіп...

    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2026 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша қабылданған заңнамалық актілерді іске асыру туралы ақпараты

    № п/п Құқықтықактініңатауы Актініңнысаны Орындауғажауаптымемлекеттік орган Орындаумерзімі ҚаулыжобасыныңҮкіметАппаратынаенгізілген, заңғатәуелдіактініңқабылданған, мемлекеттіктіркелгенкүні (егермерзіміндеорындалмаса, онд...

    Басқа

    Өтінішті кері қайтарып алу

    Кесте

    Департамент басшысы, басышысы орынбасарының, бөлім басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі

    «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ басшысы, басышысы орынбасарының,бөлім басшыларының азаматтарды...

    Жоспар

    Әдеп жөніндегі уәкілдердің үлгілік жұмыс жоспары

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы «19» қаңтардағы № 8 бұйрығына қосымша Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспары №р/с Іс-шараның атауы Орын...

    Ереже

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің кейбір мәселелері туралы