АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ШЕШІМІ
23 маусым 2026 жыл № 32 Ойыл селосы
Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс отыз екінші
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына және Ойыл ауданы әкімінің 2026 жылғы 23 маусымдағы №06-16/684 ұсынысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз екінші сессиясы 2026 жылдың 29 маусым күні сағат 10.00-ге аудан әкімдігінің мәжіліс залына шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне мына мәселе енгізілсін:
- Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №107 «Ойыл ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хабарламашы: А.Ж.Мусин – аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы
Аудандық мәслихат
төрағасы: С.Ғ.Займолдин