Ойыл ауданының мәслихаты
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25 бабыны сәйкес мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi.
Мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.
Мәслихат аппараты жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.
Жаңалықтар
АшуТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІПТІҢ БАСТАУЫ
АшуЕңбекке құрмет – елге құрмет
АшуДепутаттармен қорытынды кездесу өткізілді
АшуОйыл аудандық мәслихаты жаңа аудан әкімінің лауазымына ұсынылған кандидатураны қолдады
АшуСаралжын ауылындағы кезекті іссапар
АшуҚаратал ауылында депутаттық бақылау жүргізілді
Құжаттар
ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ САЙЛАУ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ
ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ САЙЛАУ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ Ойыл аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының мүшелігінен шығып қалған бос орындарға сайлау үдерісінің басталуы туралы хабарлайды. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды да ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясының мүшелігіне өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды. Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылған сайлау комиссиясынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылдың 13 қазаннан бастап 28 қазанына дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады: 1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатура туралы белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматтағы мәлімет; 2) аумақтық сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімдерінен үзінді; 3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі; 4) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға, Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидат аталған комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруы қажет. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23 бабының 2 тармағында көзделген, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның қызметкерлері болмауы керек. Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңілілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа ұсынылатын қағаз нысандағы барлық құжаттар қол қойылуы, мөрмен расталуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс. Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың 28 қазанға дейін, дүйсенбіден жұма аралығында сағат 09:00 ден 18:30-ге дейін жүргізіледі, үзіліс сағат 12.30-дан 14:00-ге дейін. Ойыл аудандық мәслихаты, Мәслихаттың мекен-жайы: Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Құрманғазин көшесі 43 үй. Жауапты тұлға – Дусипова Гулнур Тлеугалиевна, қалааралық телефон коды (871332), қызмет телефондары 2-13-70, 2-11-78, факс: 2-13-70, ұялы телефоны 8-705-918-28-96 электрондық пошта: [email protected] САЙЛАУ КОМИССИЯСЫБОЙЫНША БОС ОРЫНДАР: Учаскеліксайлаукомиссиясының атауы Комиссия құрамындағы бос орын саны № 389 учаскеліксайлаукомиссиясы 1 № 568 учаскеліксайлаукомиссиясы 1 № 395 учаскеліксайлаукомиссиясы 1 № 409 учаскеліксайлаукомиссиясы 1
2026 жылдың қыркүйек айына арналған «Ойыл аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Азаматтық бюджеті
2026 жылдың қыркүйек айынаарналған «Ойыл аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесініңАзаматтық бюджеті. «Ойыл аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламаларының атауы: 1. 112001«Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы. 2. «Ойыл аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 2026 жылға арналған бюджеті 63505,0 мың теңгені құрайды. 2026 жылы қыркүйек айына төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы: Бюджеттік бағдарлама Жылдық жоспар 01.10.2026 Жоспар 01.10.2026 Факт Ауытқу Орындалу% 112-001-015 62899,0 44352,5 44351,8 0,7 100 112-005-015 606,0 144,4 144,4 0,0 0
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз бесінші сессиясын шақыру туралы
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ӨКІМІ 23 қыркүйек 2026 жыл № 30 Ойыл селосы Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз бесінші сессиясын шақыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына және Ойыл ауданы әкімінің 2026 жылғы 23 қыркүйектегі №10-02/1012 хатына сәйкес ӨКІМ ЕТЕМІН: Ойыл аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз бесінші сессиясы 2026 жылғы 25 қыркүйек күні сағат 17:00-ге аудан әкімдігінің ғимаратына шақырылсын (Ойыл ауылы, Құрманғазин көшесі 43, мәжіліс залы). Күн тәртібі Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 294 «2026-2028 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Басқа да мәселелер Ойыл аудандық мәслихаты төрағасының міндетін уақытша атқарушы М.Е.Бисембаев
ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ САЙЛАУ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ
ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ САЙЛАУ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ Ойыл аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес округтік сайлау комиссияларының мүшелігінен шығып қалған бос орындарға сайлау үдерісінің басталуы туралы хабарлайды. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды да ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясының мүшелігіне өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды. Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылған сайлау комиссиясынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылдың 22 қыркүйегінен бастап 7 қазанына дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады: 1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатура туралы белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматтағы мәлімет; 2) аумақтық сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімдерінен үзінді; 3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі; 4) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға, Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидат аталған комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруы қажет. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23 бабының 2 тармағында көзделген, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның қызметкерлері болмауы керек. Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңілілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа ұсынылатын қағаз нысандағы барлық құжаттар қол қойылуы, мөрмен расталуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс. Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың 7 қазанына дейін, дүйсенбіден жұма аралығында сағат 09:00 ден 18:30-ге дейін жүргізіледі, үзіліс сағат 12.30-дан 14:00-ге дейін. Ойыл аудандық мәслихаты, Мәслихаттың мекен-жайы: Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Құрманғазин көшесі 43 үй. Жауапты тұлға – Дусипова Гулнур Тлеугалиевна, қалааралық телефон коды (871332), қызмет телефондары 2-13-70, 2-11-78, факс: 2-13-70, ұялы телефоны 8-705-918-28-96 электрондық пошта: [email protected] САЙЛАУ КОМИССИЯСЫБОЙЫНША БОС ОРЫНДАР: Округтіксайлау комиссиясының атауы Комиссия құрамындағы бос орын саны № 2 округтік сайлау комиссиясы 2 № 4 округтік сайлау комиссиясы 1 № 6 округтік сайлау комиссиясы 2 № 7 округтік сайлау комиссиясы 1 № 8 округтік сайлау комиссиясы 1 № 11 округтік сайлау комиссиясы 1
ХАБАРЛАНДЫРУ
ХАБАРЛАНДЫРУ Ойыл аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясы 2026 жылғы 18 қыркүйек күні сағат 10:00-де аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді (Ойыл ауылы, Құрманғазин көшесі 43, мәжіліс залы). Күн тәртібі Ойыл ауданы әкімін тағайындауына келісім беру туралы Ойыл аудандық мәслихатының төрағасы: С.Ғ.Займолдин
2026 жылдың тамыз айына арналған «Ойыл аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Азаматтық бюджеті
2026 жылдың тамыз айына арналған «Ойыл аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Азаматтық бюджеті. «Ойыл аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламаларының атауы: 1. 112001 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы . «Ойыл аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 2026 жылға арналған бюджеті 63505,0 мың теңгені құрайды. 2026 жылы тамыз айына төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы: Бюджеттік бағдарлама Жылдық жоспар 01.09.2026 Жоспар 01.09.2026 Факт Ауытқу Орындалу% 112-001-015 62899,0 41629,5 41628,5 0,1 100 112-005-015 606,0 144,4 144,4 0,0 0