БЖЗҚ-ның Ашық есік күні: цифрлық сервистер, қаржылық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау

    ·

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    БЖЗҚ-ның Ашық есік күні: цифрлық сервистер, қаржылық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау

    2026 жылғы 26 маусымда «БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында кезекті Ашық есік күніне қатысуға шақырады.

    Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы айтып беретін болады.

    Кездесуде Сіз:

    • БЖЗҚ-ның қандай цифрлық сервистері салымшыларға/алушыларға қолжетімді екенін және оларды қалай пайдалану керектігін;
    • жеке кабинетте және мобильді қосымшада зейнетақы қызметтерін қалай алуды, зейнетақы жинақтарының жай-күйін бақылауды, берілген өтініштердің мәртебесін қадағалауды және т. б.;
    • болашақ зейнетақы төлемдерін бағалауға және зейнетақымен қамсыздандыруды жоспарлауға көмектесетін «Зейнетақы калькуляторы» және «Дербес зейнетақы жоспары» сервистері қалай жұмыс істейтінін;
    • БЖЗҚ-ның ресми сайты, Telegram-бот және Қормен өзара іс-қимыл жасаудың басқа да цифрлық арналары қандай мүмкіндіктер беретінін;
    • алаяқтар ең көп таралған алаяқтық схемаларының қандай түрлерін қолданатынын және алдау әрекеттерін қалай тануға болатынын;
    • дербес деректеріңізді, зейнетақы жинақтарыңызды және банктік ақпаратыңызды алаяқтар мен жалған делдалдардан қалай қорғауға болатынын біле аласыз.

    Бұдан басқа, БЖЗҚ мамандары қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша жеке кеңес береді.

    Барлық ниет білдірушілерді Ашық есік күніне қатысуға, БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтері туралы өзекті және шынайы ақпарат алуға, сондай-ақ дербес деректеріңіз бен зейнетақы жинақтарыңызды алаяқтардан қалай қорғау керектігін білуге шақырамыз.

    «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!

    БЖЗҚ 2013 жылдың 22 тамызында «ГНПФ «ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және акционері болып табылады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында)

    Жүктеу
    80633f0c5a2ffaf6df5d4b659e6a48d4_original.72192.doc
    DOC · 71 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Талғар ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-сінің атқарылған қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау нәтижесінде жария талқылауды жүргізу туралы Хабарландыру

    «Талғар ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-сінің атқарылған қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау нәтижесінде жария талқылауды жүргізу туралы Хабарландыру 2026 жылдың 3 тамыз күні сағат 15-00 Ал...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Талғар аудандық мәслихат шешімінің ЖОБАСЫ «Талғар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Талғар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 13 наурыздағы № 38-143 шешімінің күші жойылды деп тану туралы»

    Талғар аудандық мәслихат шешімінің ЖОБАСЫ «Талғар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Талға...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2025 жылғы 1 шілдеге Азаматтық бюджет "Талғар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

    2025 жылғы 1 шілдеге Азаматтық бюджет "Талғар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 1 шілдеге (Азаматтық бюджет) "Талғар ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ

    2026 жылғы 1 шілдеге (Азаматтық бюджет) "Талғар ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 1 шілдеге Азаматтық бюджет "Талғар ауданы әкімінің аппараты"

    2026 жылғы 1 шілдеге Азаматтық бюджет "Талғар ауданы әкімінің аппараты"

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 1 шілдеге Азаматтық бюджет "Талғар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі

    2026 жылғы 1 шілдеге Азаматтық бюджет "Талғар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 1 шілдеге Азаматтық бюджет) "Талғар ауданының мəдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру жəне спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі

    2026 жылғы 1 шілдеге Азаматтық бюджет) "Талғар ауданының мəдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру жəне спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша «Талғар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттің атқарылуы туралы есеп

    2026 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша «Талғар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттің атқарылуы туралы есеп

    Жарияланды: