Талғар аудандық мәслихат шешімінің ЖОБАСЫ
«Талғар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Талғар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 13 наурыздағы № 38-143 шешімінің күші жойылды деп тану туралы»
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Талғар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Талғар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 13 наурыздағы № 38-143 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6223-05 болып тіркелген).
- «Талғар аудандық мәслихаттың аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін «Талғар аудандық мәслихаттың аппараты» мемлекеттік мекемесі интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын қадағалау Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы |
Аты-жөні |