
Дауыс беру 2026 жылғы 29 қарашада өтеді. Осыған байланысты Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы алдағы сайлау науқанына ұйымдастырушылық дайындық жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлеу, ұйымдастырушылық міндеттерді айқындау және сайлау комиссияларының қызметін үйлестіру жұмыстары жүргізілуде. Сайлау заңнамасының талаптарын сақтауға, сайлау процесінің барлық кезеңдерінде ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты ақпараттандыруға ерекше назар аударылатын болады.