Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар сайлау алдындағы үгітті өткізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей, яғни 2026 жылғы 27 қазанға дейін шарттық негізде ұсынылатын үгіт материалдарының төлем мөлшері мен орналастыру шарттары туралы мәліметтерді жариялауға, сондай-ақ оларды аумақтық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс.
Шарттық негізде эфир уақытын, баспа алаңын және ақпарат көлемін ұсынатын бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаны пайдаланушылар партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың және бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруды, таратуды төлем мөлшері, үгіт материалдарын орналастыру шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін жүзеге асыра алмайды.
Төлем мөлшері, үгіт материалдарын орналастыру шарттары туралы мәліметтерді Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясына (эл.пошта: [email protected], мекенжайы:Павлодар қаласы,Толстойкөшесі,10) жіберуге болады.
Павлодараудандық аумақтық сайлау комиссиясы