2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар

    Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

    ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 28 тамыздағы №694 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына» облыстан жалпы соммасы 148,3 млрд. теңге болатын 112 жобаұсынылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

    Оның ішінде су жинау көлемі 775 млн. м3 болатын «Қараөзек» су қоймасын салу мәселесін Ислам Даму Банкі есебінен қаржыландыру үшін Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде (жоба құны 3,8 млрд.теңге).

    Ислам Даму Банкі есебінен қаржыландыруға облыс бойынша бірінші кезекте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс 3,2 млрд. теңге болатын 5 жоба ұсынылып, бүгінгі күні Шиелі ауданы, Шиелі кентінде орналасқан «Базар арығы» және Сұлутөбе ауылдық округіндегі «Құмжарған» каналдарына тиісті жұмыстар жүргізілуде.

    Қызылорда қаласының Бас жоспары әзірленуіне байланысты, Сырдария өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулеріне өзгеріс енгізу мақсатында «Қызылорда облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 201 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 28.04.2026 ж. №72 қаулысы қабылданды.

    Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен «Қызылорда қаласын абаттандыру мақсатында Қызылжарма науа каналының құрылысы» жобасына 3 691,6млн.теңге бөлініп, бүгінгі күні 80%жұмыстар орындалды.

    Сонымен бірге, «Қызылорда облысы Қазалы ауданы Сол жағалау алабының 1-ГД, 2-ГД, К-3-2 коллекторлар жүйесін реконструкциялау»жобасына республикалық бюджеттен 2026 жылға 2 163,9млн.теңге бөлініп, бүгінгі күні 30 %жұмыстар орындалды.

    Облыс аумағындағы иесіз көлдер мен каналдарға түгендеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмысшы тобы құрылды. Нәтижесінде 48 көл мен 82 каналдар анықталып, қала және аудан әкімдіктеріне құжаттандыру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүнгі таңда әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, суармалы суды үнемдеу мақсатында экономикалық жағынан тиімді саналатын (егістік алқаптарды суландыратын) каналдарға бетондау жұмыстарын жүргізу мақсатында Дүниежүзілік Банк қаржыландыруына енгізу үшін облыс бойынша жалпы құны 144,0 млрд.теңгені құрайтын 68 каналды бетондауға жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың қорытындысы алынды.

    Сондай-ақ, облыстық бюджеттен 16,8 млн.теңгеге коммуналдық меншіктегі 3 каналдың(Байқадам, Ешпан, Жаппар)жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

    Сонымен бірге,Қызылорда облысы Арал ауданындағы «Қамыстыбас» көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің жобалық құжаттамасы әзірленуде.

    Ағымдағы жылы «Арна»коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы жалпы ұзындығы 12,2 шақырым болатын 4 каналға(Қазалы ауданы Аранды ауылдық округіндегі "Бөкебай", Қармақшы ауданы Иіркөл ауылдық округіндегі "Жапалақ жарма",Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округіндегі "Ақжарма", Сырдария ауданы Шаған ауылдық округіндегі "Жиделі арық")ағымдағы тазалау жұмыстары толығымен аяқталды.

    Қазіргі таңда,Шиелі ауданы Ақмая ауылдық округіндегі «Р-3-1» каналына және Қазалы ауданы Ақжона ауылдық округі «Майдакөл» каналында механикалық тазалау жұмыстары басталды.

    Сонымен қатар,жоспардан тыс жалпы ұзындығы 6,3 шақырым болатын Тұрымбет, Манап, Хозцентр, Қарабай, Шаймерден су нысандарына механикалық тазалау және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2025-2027 жылдарға арналған Қызылорда облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2026 жылдың 9 ай қорытындысымен орындалуы

    Есеп

    2026 жылдың IІI тоқсанының қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша анықтама

    Е-ӨТІНІШ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША 2026 жылғы 01 қаңтар – 30 қыркүйекаралығында басқармаға барлығы 242 өтініш тіркелген. Оның ішінде: Арыз (ЖТ/ЗТ тұлғаларды қабылдауға арыз)–97; Шағым - 4; Басқа да өтініштер (хабар, сұрау салу, үн...

    Есеп

    2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар

    БАСҚАРМА БЮДЖЕТІ 2026 жылы 9 айдың бюджет көлемі 9 бюджеттік бағдарламасы бойынша – 8 796,3 млрд. теңге құрады. 2026 жылдың 9 айдың төлемдері бойынша қаралған қаржы 6 675,2 млрд. теңге құрап, оның 6 673,9 млрд. теңгесі и...

    Есеп

    2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар

    МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен 2026 жылдың 9 айында1055мемлекеттік қызмет түрлері бойынша электронды үкімет порталы арқылықызм...

    Есеп

    2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар

    ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БОЙЫНША Облыс бойынша 2026 жылдың ІІІ тоқсаны қорытындысымен жинақталған 233 010 тонна қатты тұрмыстық қалдықтардың82 615 тоннасы өңделді (35.4%).Облыс бойынша қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау...

    Есеп

    2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар

    БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНШАОблыс аумағында Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және балық шаруашылығына маңызы бар 201 көлдер бар. Оның ішінде, Кіші Арал теңізі толықтай және 161 көл конкурстық негізде 5-49 жылдарға табиғат п...

    Есеп

    2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар

    ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНШАОблыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерініңжалпы көлемі7,3 млн. га құрайды, оның 3,9 млн. га орманды алқаптар.2026 жылы орман қоры жерінің 10 мың гектарына ағаш отырғызу және тұқым себу жұм...

    Жоба

    Қызылорда облысы бойынша жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2027 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы