Облыс аумағының ауданы 146,1 мың ш.км құрайды.
01.05.2026ж. халық саны – 791,7 мың адам, оның ішінде қалалық - 458,4 мың адам (57,9%).
Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады.
Ұлттық құрамы: қазақтар – 57,2%, орыстар – 26%, басқалар – 16,8%.
- Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1 031,2 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2025 жылғы деңгейге 91,7%(құлдырау өңдеу өнеркәсібі көлемінің 739,8 млрд. теңгеге дейін (НКИ – 87,3%) төмендеуіне байланысты).
2026 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде 1,6 мың жұмыс орнын құра отырып, 173,9 млрд. теңгеге
18 жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде 25,7 млрд. теңгеге 1 жоба іске асырылды, 5 жаңа жұмыс орны құрылды.
- Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі
176,4 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2025 жылдың деңгейіне 103,2%. - Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны
57,7 мың бірлікті құрады, бұл 2025 жылғы көрсеткіштен 4,4%-ға төмен.
2026 жылы шағын және орта бизнесті қолдау және дамытуды іске асыруға 2,3 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде субсидиялауға – 2,1 млрд. теңге, гранттық қаржыландыруға –
189 млн. теңге.
- Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі
7,3%-ға өсіп, 194,7млрд. теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 69,5 млрд. теңгеге немесе 2025 жылғы көрсеткішке қарағанда 3,4%-ға дейін ұлғайды.
160,7мың ш.м. тұрғын үй енгізіліп, 2,2%-ға өсті.
- Жұмыссыздық деңгейі(2026 жылғы 1 тоқсан) - 4,4%(18,3 мың адам). Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-34 жас аралығында) – 3,1%
(2026 жылғы 1 тоқсан). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (92,8 мың адам) – экономикалық белсенді халықтың (418,7 мың адам) 22,2%-ы.