Құрметті Қарабалық ауданының тұрғындары!
«Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттық (аукциондар) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін алу кезінде туындайтын сұрақтарға байланысты «Е-лицензиялау» порталы арқылы өтініш берген кезде құжаттарды ұсыну тәртібін түсіндіреміз.
Аталған мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттық (аукциондар) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларымен айқындалады.
Қазіргі уақытта аталған Қағидалар оларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып қолданылады.
Мәселе неде?
«Е-лицензиялау» порталында мемлекеттік қызмет көрсетудің екінші кезеңінен өту кезінде қазіргі уақытта жүйеде жер комиссиясының қорытындысын және жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрықты тіркеуге арналған өрістер көрсетіледі.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында белгіленген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттар белгіленген тәртіппен, оның ішінде бекітілген жерге орналастыру жобасы мен оны бекіту туралы құжат ұсынылуы тиіс.
Осылайша, қазіргі уақытта Қағидаларда белгіленген құжаттар тізбесі мен порталда ақпараттық жүйе көрсететін құжаттар атаулары арасында сәйкессіздік бар.
Бұл жағдай азаматтарды жаңылыстырып, мемлекеттік қызметтің екінші кезеңінен өту кезінде сұрақтардың туындауына себеп болуы мүмкін.
Қате жойылғанға дейін тұрғындар не істеуі керек?
«Е-лицензиялау» порталындағы техникалық қате жойылғанға дейін құжаттарды тапсыру кезінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында белгіленген құжаттар тізбесін басшылыққа алуды ұсынамыз.
Яғни порталда құжатты жүктеуге арналған өрістің атауы өзгеше көрсетілсе де, құжаттарды Қағидалардың талаптарына сәйкес ұсыну қажет.
Порталда құжаттардың көрсетілуіне қатысты анықталған мәселе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың назарына жеткізілді. Қазіргі уақытта техникалық сәйкессіздікті жою және ақпараттық жүйенің жұмысын мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген тәртібіне сәйкестендіру бойынша тиісті шаралар қабылдануда.
Тұрғындардың назарына мемлекеттік қызметтің заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілетінін, ал порталда ақпараттың көрсетілуіне байланысты техникалық ерекшеліктер мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көзделген құжаттар тізбесін өзгертпейтінін жеткіземіз.
Порталдағы техникалық қате жойылғаннан кейін халыққа қосымша ақпарат беріледі.
Тұрғындардан мемлекеттік қызметке қойылатын талаптармен мұқият танысып, сұрақтар туындаған жағдайда уақтылы түсініктеме алу үшін тиісті органдарға жүгінуді сұраймыз.
Нормативтік құқықтық акт: