"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    Алтай ауданының әкімдігі

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 492 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 қазанда № 40062 болып тіркелді

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23983 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларында:

    9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    "9. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

    1) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру кезінде:

    бірінші кезең – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы;

    Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тоқтатыла тұрады.

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен басталады.

    Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Қағидаларда көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

    Мемлекеттік қызметті көрсету процесі тоқтатыла тұрған жағдайда, өтінішті және (немесе) құжаттарды "цифрлық үкімет" веб-порталы, стационарлық абоненттік құрылғы, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар айқындаған өзге де цифрлық объектілер арқылы беру жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) көрсетілетін қызметті берушінің сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

    Көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді 5 (бес) жұмыс күні ішінде жояды.

    Кемшіліктер жойылған жағдайда, мемлекеттік қызметті алуға өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні болып есептеледі.

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.

    Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін тоқтата тұру мерзімі шегінде жүзеге асырады.

    Тоқтата тұру мерзімі осы тармақта белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімінен аспауы тиіс.

    Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдерін ұзартуға жол берілмейді.

    екінші кезең – тұрғын үй комиссиясының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдауы, оның ішінде:

    көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын толық және олардың Заңның, Қаулының және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы;

    көрсетілетін қызметті берушінің дауыс беру және тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін қабылдау не дәлелді бас тарту туралы шешім шығару үшін жергілікті атқарушы органның (мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің) тұрғын үй комиссиясының құрамын қалыптастыруы;

    көрсетілетін қызметті берушінің тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін рәсімдеуі және оған қол қоюы;

    көрсетілетін қызметті берушінің коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) мен тұрғын үйдің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді алуы;

    үшінші кезең – көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу.

    2) коммуналдық мемлекеттік мекеменің немесе коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру кезінде кезеңдер осы тармақтың 1) тармақшасына ұқсас болады.

    Коммуналдық мемлекеттік мекеменің немесе коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйді коммуналдық тұрғын үй қорына беру тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

    тапсырушы және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды тұлғаларының тұрғын үйді қабылдау-беру актісіне (тапсыру актісіне) қол қоюы және коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысының тапсыру актісін бекітуі;

    тіркеуші органда тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды мемлекеттік тіркеу;

    көрсетілетін қызметті берушінің коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) мен тұрғын үйдің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді алуы.

    3) республикалық мемлекеттік мекеменің немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру кезінде:

    бірінші кезең – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы;

    екінші кезең – тұрғын үй комиссиясының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдауы, оның ішінде:

    көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толықтығына және олардың Заңның, Қаулының және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы;

    көрсетілетін қызметті берушінің дауыс беру және тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін қабылдау не дәлелді бас тарту туралы шешім шығару үшін жергілікті атқарушы органның (мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің) тұрғын үй комиссиясының құрамын қалыптастыруы;

    көрсетілетін қызметті берушінің тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін рәсімдеуі және оған қол қоюы;

    үшінші кезең – тұрғын үйді республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру, оның ішінде:

    астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның атына қолдаухатты жолдау;

    астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің қолдаухаты негізінде теңгерімінде берілетін тұрғын үй бар республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешім қабылдауы;

    тапсырушы және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдарының тапсыру актісіне қол қоюы және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары) басшысының және коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысының тапсыру актісін бекітуі;

    тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу;

    көрсетілетін қызметті берушінің коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және тұрғын үйдің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді алуы;

    төртінші кезең – көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу.";

    10-тармақ алынып тасталсын;

    көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
    2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы

    Өнеркәсіп және құрылыс

    министрінің міндетін атқарушы

    И. Шархан

    Қазақстан Республикасы
    Өнеркәсіп және құрылыс
    министрінің міндетін атқарушы
    2026 жылғы 30 қыркүйектегі
    № 492 Бұйрыққа
    қосымша

    "Мемлекеттік тұрғын үй
    қорынан тұрғын үйлерді
    жекешелендіру" мемлекеттік
    қызметті көрсету жөніндегі
    қағидаларға
    1-қосымша

    "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру

    2

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

    Жоқ

    3

    Көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің атауы

    Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

    4

    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

    "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); www.egov.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

    5

    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

    1) коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде: бірінші және екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі; үшінші кезең: көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында 5 (бес) жұмыс күні ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу.

    2) коммуналдық мемлекеттік мекеменің не коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде: бірінші және екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі; үшінші кезең: коммуналдық мемлекеттік мекеменің немесе коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйді коммуналдық тұрғын үй қорына беру, оның ішінде тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүзеге асырылады; төртінші кезең: көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында 5 (бес) жұмыс күні ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу.

    3) республикалық мемлекеттік мекеменің не республикалық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде:

    бірінші және екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі; үшінші кезең: жекешелендіру туралы шешім шығарылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тұрғын үйді республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру: тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, әкімінің қолдаухаты негізінде балансында берілетін тұрғын үй бар республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешім қабылдауы;

    Тапсырушы және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдарының тапсыру актісіне қол қоюы және тапсыру актісін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары) және коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысының бекітуі, және тұрғын үй бойынша шешімдер қабылданған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу; төртінші кезең: көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында 5 (бес) жұмыс күні ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу.

    6

    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

    Электронды (ішінара цифрландырылған) және (немесе) қағаз.

    7

    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

    1) коммуналдық тұрғын үй қорынан, коммуналдық мемлекеттік мекеменің не коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде:

    - тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі немесе дәлелді бас тарту;

    - көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт.

    2) республикалық мемлекеттік мекеменің не республикалық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде:

    - тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі немесе дәлелді бас тарту;

    - тапсыру актісі;

    - көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт.

    8

    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

    Ақысыз

    9

    Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс графигі

    1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда;

    2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады;

    3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

    10

    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

    1) өздері тұратын тұрғынжайларды жекешелендіруге жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерi қол қойған өтініш;

    2) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктердің көшірмелері (қажет болуына қарай цифрлық жүйеде мәліметтер жоқ болған жағдайда);

    3) жалдау шарты не тұрғынжай ордері;

    4) көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда соңғысы өздерін көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі ұсынады;

    5) цифрлық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 8-тармағына жататын азаматтар мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне тегін алу құқығын растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;

    6) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, судьялар және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санатына жататын азаматтар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы не жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;

    7) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін өздерінің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;

    8) тұрғынжайды жалдау шарты бойынша берешектің жоқ екендігін растайтын құжат;

    Жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы куәліктерінің мәліметтері (2007 жылғы тамыздан кейін), меншік құқығында оларға тиесілі тұрғынжайдың (Қазақстан Республикасы бойынша) бар-жоғы туралы мәліметтер, мекенжайы туралы мәліметтер, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімі, көрсетілетін қызметті беруші отбасының барлық мүшелеріне "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан цифрлық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.

    11

    Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

    1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

    2) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

    3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

    4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;

    5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;

    6) Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 18-2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы бойынша мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетуден бас тартады.

    12

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

    1. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекетік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

    2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ "1414" Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 8-800-080-7777.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электрондық нысанда алу үшін қызметтерді электрондық нысанда алу субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана алады.






    © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

    Жүктеу
    47c81d5eb7a4127c5ffd132bf447065500982dac9e9b43c40b00b3c95494f51e_original.3196688.pdf
    PDF · 3 МБ
    Жүктеу
    625c1a08587b5b72838315da0247561cde22831c405cadb403a1d0a6c32315f4_original.132206.docx
    DOCX · 129 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №23 «Алтай ауданының мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы»

    2026 жылғы 08 қазандағы №1 Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №23 «Алтай ауданының мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына өзгеріс е...

    Алтай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 247 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 маусымда № 39043 болып тіркелді ЗҚАИ-ның ескертпесі! Қолданысқа ен...

    Алтай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    "Маңдайшаны республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыруды келісу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 197 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 22 сәуірде № 38503 болып тіркелді ЗҚАИ-ның ескертпесі! Осы бұйр...

    Алтай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Алтай ауданы бойынша көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түрінде ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсынуға Алтай ауданы бойынша 2026 жылғы 09 шілде жағдайына сұранысқа ие мамандықтардың тізімі

    Алтай ауданы бойынша көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түрінде ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік...

    Алтай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы қазанда жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді респонденттердің тапсыру кестесі

    2026 жылғы қазанда жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді респонденттердің тапсыру кестесі

    Алтай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Алтай ауданының жергілікті атқарушы органдары басшылығының 2026 жылғы 4 тоқсандағы азаматтарды қабылдау кестесі

    БЕКІТЕМІН: Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Д. Лухбеков _____________________ « » __________ 202_ ж. Алтай ауданының жергілікті атқарушы органдары басшылығының 2026 жылғы 4 тоқсандағы азам...

    Алтай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Алтай ауданындағы көші-қон үдерістері

    2026 жылғы қаңтар-шілде деректері бойынша көші-қон алмасу нәтижесінде ауданнан 1380 адам көшіп кеткен, ал 1094 адам ауданға көшіп келген. 2025 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда Алтай ауданына келгендер саны 1,6 %-ға ар...

    Алтай ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сообщение об итогах выборов акима Северного сельского округа и избранного акима

    Северное ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы мен сайланған әкім туралы хабарлама Алтай ауданы Северное ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 245, дауыс беруге қатысқаны – 18...

    Алтай ауданының әкімдігіЖарияланды: