Северное ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы
мен сайланған әкім туралы хабарлама
Алтай ауданы Северное ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 245, дауыс беруге қатысқаны – 186 (76 %).
Сайлау қорытындысында Жанар Келгентайқызы Игенова – 26 (14%), Раушан Қалымқызы Мусоболинова – 140 (75,2%), Меруерт Қанатқызы Советбекова – 18 (9,6%) дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 2.
Дауыс беру нәтижесі бойынша «Әділет» партиясы ұсынған, 1974 жылы туған, «ШҚО Алтай ауданы Северное ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Раушан Қалымқызы Мусоболинова – Северное ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы