Зейнеткерлікті оңай рәсімдеңіз

    ·

    Зейнеткерлікті оңай рәсімдеңіз

    Зейнетке шығу – әрбір азаматтың өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі. Бүгінгі күні Жетісу облысында 98 241 зейнеткер тұрады. Жыл басынан бері өңірде 2 744 азамат жасына байланысты зейнетақы тағайындауға өтініш білдірді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Жетісу облысы бойынша филиалы хабарлады.

    Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, зейнетке шығу көрсеткіші бойынша Талдықорған қаласы көш бастап тұр – жыл басынан бері мұнда 780 тұрғын зейнеткерлікке рәсімделген.

    «Қазіргі уақытта азаматтар үшін мемлекеттік қызмет алу барынша оңтайландырылды. Мәселен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін төлемдерді, базалық және ынтымақтастық зейнетақыларды тағайындау композиттік қызмет аясында — яғни, тек бір ғана өтініш негізінде жүзеге асырылады», — деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Абзал Омаров.

    Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, зейнетақы төлемдері (базалық және ынтымақтастық) мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры төлемдері уәкілетті органға жүгінген күннен бастап тағайындалады. Өтініш пен құжаттар топтамасы тіркелген күн зейнетақы тағайындаудың бастапқы мерзімі болып танылады.

    Зейнетақыны уақытылы рәсімдеу үшін зейнеткерлік жасқа толуға 10 күн қалғанда жергілікті ХҚКО бөліміне хабарласу қажет.

    ХҚКО-ға жолығу кезінде азаматтар келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

    • Жеке басын куәландыратын құжат және оның көшірмесі.
    • Еңбек өтілін растайтын құжат (еңбек кітапшасы, архивтік анықтамалар).
    • Жұмыс беруші тарапынан берілген табысы мен аударылған зейнетақы жарналары туралы анықтама.

    Жеке кәсіпкерлер және азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша қызмет атқарған тұлғалар кіріс туралы құжатты аумақтық мемлекеттік кірістер органынан (салық бөлімінен) алуға міндетті.

    Кей жағдайларда құқықтық мәртебені нақтылау үшін білім туралы диплом, әскери билет, неке қию туралы куәлік және балалардың туу туралы куәліктері талап етілуі мүмкін.

    Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтар, ұрыс қимылдарының қатысушылары, радиациялық қауіптілігі жоғары аймақтарда тұрған тұлғалар немесе «қандас» мәртебесі бар азаматтар тиісті жеңілдіктерді иелену үшін растаушы құжаттарын өткізуі қажет.

    Еске салсақ, 2026 жылы Қазақстанда зейнеткерлік жас ерлер үшін — 63 жасты, әйелдер үшін — 61 жасты құрайды.

    Жүктеу
    Как правильно оформить выход на пенсию
    Как правильно оформить выход на пенсию
    DOCX · 16 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2027 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылаудың аяқталуы туралы есебі

    Мемлекеттік әлеуметтіктапсырысты қалыптастыру, іскеасыру мониторингі және осытапсырыстың нәтижелерінбағалау қағидаларына2-қосымша «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік м...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ

    БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ Ұлт мәртебесін биік көтеріп, ел абыройын асқақтатып, биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін қалың елге танытатын мемлекеттік қызметшілер – қоғамның айнасы. Сондықтан да еліміздегі әрбір...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

    Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекетті...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Ең төменгі жеткіліктілік шектері (ТЖШ) – оларды есептеудің ашықтығы және оларды пайдалану мүмкіндігі сақтала ма?»

    «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» «Ең төменгі жеткіліктілік шектері (ТЖШ) – оларды есептеудің ашықтығы және оларды пайдалану мүмкіндігі сақтала ма?» Жеткіліктілік шегінің мөлшеріне салымшының жасы әсер ете ме және қолданыс...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады? Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктері...

    Жарияланды:
    Хаттама

    2026 жылғы 17 шілдедегі №1 комиссия отырысының бірінші лекке қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру туралы хаттамасы

    Осы құжатта бірінші лекке қатысушылардың жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған өтеусіз мемлекеттік гранттарды беру жөніндегі өтінімдерін қарау бойынша 2026 жылғы 17 шілдедегі №1 комиссия отырысының хаттамасы қамтыл...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақ...

    Жарияланды:
    Ереже

    «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕСІ

    «БЕКІТІЛДІ» Сарқан ауданы әкімдігінің 2026 жылғы №___ қаулысымен «УТВЕРЖДЕН» Постановлением акимата Сарканского района от «__» ____ 2026 года №___ «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спор...

    Жарияланды: