«Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

    ·

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

    РИДДЕР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

    ҚАУЛЫ

    Риддер қаласы 2026 жылғы «_____» ________ №_____

    «Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
    2. Риддер қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 1026 «Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы жойылсын.
    3. «Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
    4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Риддер қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
    5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Риддер қаласының әкімі Д. Рахметкалиев

    Риддер қаласы әкімдігінің

    2026 жылғы «___»_____

    № ____ қаулысына қосымша

    «Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі»

    мемлекеттік мекемесі туралы

    ереже

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. «Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мәтін бойынша - мемлекеттік мекеме) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, өз құзыреті шегінде стратегиялық, экономикалық, бюджеттік жоспарлау және қалалық бюджетті атқару, бухгалтерлік, бюджеттік есепті және қалалық бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есептілікті жүргізу, шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау, Риддер қаласы аумағында коммуналдық меншікті басқару саласындағы функцияларды жүзеге асырады.
    2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.

    3.Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    1. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
    2. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
    3. Мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
    4. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамасында белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
    5. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
    6. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 071300, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, К. Семенова көшесі, 19.
    7. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
    8. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Риддер қаласының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
    9. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

    2-тарау. Мемлекеттік мекеменің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері

    1. Мемлекеттік мекеменің міндеттері:

    1) стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын іске асыру, қалалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету, қалалық коммуналдық меншікті тиімді басқару;

    2) әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жүзеге асыру;

    3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес кірістер мен шығыстарды экономикалық негізделген жоспарлау негізінде алдағы қаржы жылына және үш жылдық кезеңге арналған қалалық (жергілікті) бюджет жобасын әзірлеу және оның орындалуын ұйымдастыру;

    4) бюджеттік есепке алуды жүргізу, берешектің жай-күйі туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау және ұсыну;

    5) қалалық коммуналдық меншікті басқару.

    1. Мемлекеттік мекеменің функциялары:

    1) өңірді дамытудың негізгі бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін қалыптастырады;

    2) Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және бюджеттік параметрлерін әзірлеуге қатысады;

    3) өз құзыреті шегінде қалалық даму бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруды қамтамасыз етуге қатысады;

    4) бюджетті жоспарлауды ұйымдастырады және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;

    5) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын қарайды, қорытындыларды қалыптастырады және бюджет комиссиясының қарауына енгізеді;

    6) бюджет комиссиясының жұмысын ұйымдастырады;

    7) үш жылдық кезеңге арналған қалалық бюджеттің жобасын әзірлеуді жүзеге асырады және қалалық мәслихатқа бекітуге жібереді;

    8) қаржы жылына арналған Риддер қаласының барлық бюджеттік мекемелері бойынша қаржыландырудың бекітілген, нақтыланған жылдық жоспарын талдауды жүзеге асырады;

    9) жергілікті инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүзеге асырады;

    10) қалалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

    11) бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемін және жоспарланған кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профициті (тапшылығы) мен оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;

    12) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жасайды және бекітеді;

    13) бюджет қаражаты есебінен берілген бюджеттік кредиттерді тіркеуді, олардың есебін және мониторингін жүзеге асырады;

    14) бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинақтау, қадағалау және талдау арқылы бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;

    15) даму бюджетінің, инвестициялық жобалардың игерілу барысына мониторинг жүргізеді;

    16) коммуналдық мүлікті басқаруды талдауды және бағалауды жүзеге асырады;

    17) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджетті атқару жөніндегі қызметін үйлестіреді;

    18) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бекітетін мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін, оның иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын келіседі;

    19) бюджет ақшасын басқарады;

    20) қала бюджетінің қолма-қол ақшаның бақылау шоттарында ақша қозғалысына мониторинг жүргізеді;

    21) қалалық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді;

    22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қала әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы өтінішхаттарды қарайды;

    23) бюджеттік ақшаны басқару бойынша қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалауды жүзеге асырады;

    24) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

    25) өз құзыреті шегінде қалалық коммуналдық мүлікті басқарады;

    26) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    1. Мемлекеттік мекеменің құқықтары мен өкілеттіктері:

    1) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды қала басшылығының қарауына енгізу;

    2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп әзірлеу үшін қаланың жергілікті атқарушы органдарының басқа бөлімдерінің қызметкерлерін тарту;

    3) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер өткізуге бастамашылық ету;

    4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;

    5) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультациялар беру;

    6) заңды және жеке тұлғалар бұл туралы ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпарат беру;

    7) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

    3-тарау. «Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері

    1. Мемлекеттік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
    2. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Риддер қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
    3. Мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттігі:

    1) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде айқындалатын өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;

    2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

    3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелеуді жүзеге асырады және оларға тәртіптік жаза қолданады;

    4) мемлекеттік мекеме қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы ережеде айқындалатын оның құзыретіне сәйкес шешеді;

    5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;

    6) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

    7) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;

    8) Риддер қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде мемлекеттік мекеменің штат кестесін бекітеді;

    9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және бұл үшін дербес жауапты болады;

    10) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

    11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады;

    Мемлекеттік мекеменің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

    4-тарау.Мемлекеттік мекеменің мүлкі

    1. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

    Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    1. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
    2. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

    5-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

    1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
    Жүктеу
    4e96bcb173cbe61fcccea05d10dd620e_original.71168.doc
    DOC · 70 КБ
    Жүктеу
    c9a3339828c3082221a94708b75f173c_original.37654.docx
    DOCX · 37 КБ
    Жүктеу
    7e98d58d54d7339497fd93de635b810d_original.30752.docx
    DOCX · 30 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Баспасөз-хабарлама

    Жалдамалы қызметкерлердің жалақысы (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алумен)

    Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы жалақының есептелген қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу жолымен анықталады. Қызметкерлердің тізімдік саны – шартты жасасу ме...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Информационное сообщение Газета Мой город ВКО

    Информационное сообщение Газета Мой город ВКО

    Жарияланды:
    Басқа

    Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

    Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар № Елді мекеннің атауы Орналасқан жері 1 Риддер қаласы Индустриальная көшесі 13а, " Виктория" дүкені ғимаратының 2 Риддер қаласы Киров көшесі 26, автостанция ғима...

    Жарияланды:
    Басқа

    РИДДЕР ҚАЛАСЫНЫҢ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ

    РИДДЕР ҚАЛАСЫНЫҢ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ № 122 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Риддер қаласы, Индустриальная көшесі, № 15, Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 12 жал...

    Жарияланды:
    Басқа

    РИДДЕР ҚАЛАСЫ БОЙЫНША САЙЛАУ УЧАСКЕЛІК КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

    РИДДЕР ҚАЛАСЫ БОЙЫНША САЙЛАУ УЧАСКЕЛІК КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ № 122 учаскесінің сайлау комиссиясы Риддер қ., Индустриальная к., 15, «№12 жалпы білім беретін мектебі» КММ Комиссия төрағасы:Акентьев Павел Александрович Тө...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Риддер қаласының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы және орналасқан жері

    Риддер қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 14, «Мәдениет сарайы» КМҚК, тел. 8(72336) 77550 Комиссия төрағасы:Агешкина Елена ВикторовнаТөраға орынбасары:Мироненко Наталья ПетровнаКомиссия хатшысы:Агафонова Ольга СергеевнаКомисси...

    Жарияланды:
    Кесте

    Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді респонденттердің тапсыру кестесі

    Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді респонденттердің тапсыру кестесі

    Жарияланды:
    Шешім

    Конкурсақа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы ШЕШІМ

    Конкурсақа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы ШЕШІМ № Лауазым Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Шешім (жіберілді/жіберілген жоқ) Жіберілмеу себебі 1. «Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет,...

    Жарияланды: