Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

    Қарасу ауданының әкімдігі

    Құрметті сауда-саттыққа әлеуетті қатысушылар! "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ 2026 жылғы 27 қазанда сағат 10:00-де мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында бағаны көтеру әдісімен жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды www.gosreestr.kz (бұдан әрі – Портал). Аукционға қатысуға өтінімдер беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 қазанда № 24803 болып тіркелді.
    "Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша, оның ішінде электрондық түрде сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы".
    Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу тізілімнің веб-порталында аукцион өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, содан кейін қатысушылар берілген өтінімді кері қайтарып ала алмайды.
    Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:
    1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), Тегі, Аты және әкесінің аты (бар болса);
    2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), бірінші басшының толық атауы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ;
    3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
    4) байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефон, факс, e-mail).
    Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған қатысуға өтінімді тіркеу қажет.
    Назар аударыңыз! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын Сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
    Автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталы тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімнің қабылданғаны немесе өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
    Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукциондық нөмір бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.
    Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ және аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сату объектісінің бастапқы бағасын аукцион залында автоматты түрде орналастыру арқылы Астана қаласының сауда-саттық өткізу туралы хабарламасында көрсетілген уақытынан басталады.
    Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы мен жеңімпаз сауда-саттық өткізілетін күні ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қол қояды.
    Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.
    Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және сатушы мен сатып алушы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде сатып алу-сату шартының жобасын қол қоюға ұсынады.
    Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі:
    Төлем алушы: "ақпараттық-есепке алу орталығы" АҚ БСН: 050540004455; КНП: 171; Кбе: 16.
    "Қазақстан Халық банкі" АҚ-дағы есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК): KZ946017111000000330; БСК:HSBKKZKX.
    Назар аударыңыз! Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қойылмаған жағдайларда кепілдік жарна жеңімпазға қайтарылмайды.
    Барлық басқа жағдайларда кепілдік жарналар тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысушыдан бірыңғай операторға өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.
    Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып Аукцион мынадай сату объектілері қойылады:
    №
    Жер учаскесінің нысаналы мақсаты
    Жер учаскесінің орналасқан жері
    Жер учаскесінің ауданы (га)
    Сату объектісі (құқық түрі)
    Жер учаскесінің ауыртпалығы
    Жер учаскесінің кадастрлық бағалау құны
    1
    Мал шаруашылығы саласындағы өндірістік объектілерді орналастыру үшін
    Ильичевский а. о, Қызылкеткен а., Набережная к-сі
    6,0
    Мерзімге жалдау құқығы
    6 жыл
    Ауыртпалық немесе қамауға алу жоқ
    14 655 600
    2
    Коммерциялық құрылыс үшін
    Ушаковский а. о., Заря а., Новая к-сі, 4-үй
    0,49
    Мерзімге жалдау құқығы
    6 жыл
    Ауыртпалық немесе қамауға алу жоқ
    997 395
    3
    Ауыл шаруашылығы техникасының тұрағын және коммерциялық аймақ объектілерін орналастыру үшін
    Ушаковский а. о., Ушаков а.
    0,35
    Мерзімге жалдау құқығы
    6 жыл
    Ауыртпалық немесе қамауға алу жоқ
    926 152,50
    4
    Ауыл шаруашылығы техникасы мен өндірістік объектілердің тұрағын орналастыру үшін
    Жамбыл а. о., Жамбыл а.
    15,0
    Мерзімге жалдау құқығы
    6 жыл
    Ауыртпалық немесе қамауға алу жоқ
    45 798 750
    5
    Ангар салу және ауылшаруашылық техникасының тұрағы үшін
    Челгашинский а. о., Целинное а.
    0,74
    Мерзімге жалдау құқығы
    6 жыл
    Ауыртпалық немесе қамауға алу жоқ
    2 560 659
    Ұйымдастырушы: "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі"ММ
    Ақпарат үшін Телефон: 871452-21-7-71

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    "Қарасу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат

    Қарасу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Қаулы

    Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 2 желтоқсандағы №221 "Қарасу ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы"қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: "Қарасу ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақт...

    Қарасу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Қарасу ауданы әкімдігінің "Қарасу ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 2 желтоқсандағы №221 "Қарасу ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициентін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы " қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

    "Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қарасу ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 2 желтоқсандағы №221 "Қарасу ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға б...

    Қарасу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Қаулы

    Қарасу ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 600 бабының 6 тармағына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарасу ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ес...

    Қарасу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Қарасу ауданы әкімдігінің "Қарасу ауданының елді мекендерінде салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

    "Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қарасу ауданы әкімдігінің "Қарасу ауданының елді мекендерінде салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" қ...

    Қарасу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Тізбе

    2026 жылдың 4 тоқсанына Қарасу ауданы бойынша ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен және мемлекеттік қызметшілер саласында көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша сұранысқа ие мамандықтардың қосымша тізбесі

    Қарасу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Шешім

    Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы

    "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзі...

    Қарасу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Кесте

    2026 жылғы 4-тоқсанға" Қарасу ауданы әкімінің аппараты " мемлекеттік мекемесінде жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау кестесі

    Азаматтарды алдын ала жазу Қарасу ауданы әкімінің аппаратында 21-5-95 телефон арқылы жүргізіледі. «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Әдеп кодексі» Мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларының «М...

    Қарасу ауданының әкімдігіЖарияланды: