Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті

    Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңаӘдістемесі күшіне енді

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422 [1] қаулысының талаптарын орындау мақсатында БЖЗҚ бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің ресми интернет-ресурсында есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) жариялады.

    Жаңа Әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері болашақтағы нысаналы зейнетақы төлемдерінің көрсеткіштеріне негізделіп айқындалады және салымшының әрбір жасына қарай ай сайынғы төлемдердің келтірілген құнын есептеудің стандартты формуласы арқылы есептеледі.

    Аталған формула болашақтағы төлемдердің тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді демографиялық (ұлттық демографиялық кестелер) және қаржылық (кірістілік мөлшерлемелері мен төлемдерді индекстеу көрсеткіштері) факторларды ескереді.

    [1] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422 қаулысы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Жүктеу
    3bcfe73afbd43acc695e51beec70dd0a_original.84946.docx
    DOCX · 83 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Зейнетақының лайықтылығын арттыру үшін не істеу керек?

    Зейнетақының лайықтылығын арттыру үшін не істеу керек? 17.06.2026 Болашақ зейнетақы деңгейі зейнетақы жинақтарына тікелей байланысты болатын жинақтаушы зейнетақы жүйесіне кезең-кезеңімен көшу азаматтардың белсенділігін т...

    Ақпарат

    Табысты алмастыру коэффициенті – зейнетақы лайықтылығының көрсеткіші ретінде

    Табысты алмастыру коэффициенті – зейнетақы лайықтылығының көрсеткіші ретінде 16.06.2026 Әлемде зейнетақы жүйесінің лайықтылығын айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі – зейнетақының азаматтың бұған дейін алып келген ең...

    Ақпарат

    «Ұлттық қор - балаларға»: қазақстандықтар тұрғын үйге және білім алуға 58 млн АҚШ долларына жуық қаражат жұмсады

    «Ұлттық қор - балаларға»: қазақстандықтар тұрғын үйге және білім алуға 58 млн АҚШ долларына жуық қаражат жұмсады 2026 жылдың 1 мауысымындағы жағдай бойынша бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы...

    Ақпарат

    БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы

    БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы Өткен бес жарым жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге ақы төлеуге 5,8 трлн теңгеден астам зейнетақы жинағы пайдаланылды. Оның ішінде ең көп қаражат 2021 жыл...

    Ақпарат

    БЖЗҚ-ның Ашық есік күні: цифрлық сервистер, қаржылық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ-ның Ашық есік күні: цифрлық сервистер, қаржылық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау 2026 жылғы 26 маусымда «БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қыз...

    Ақпарат

    Баспасөз хабарламасы

    Баспасөз хабарламасы 2026 жылдың 26 маусымындасағат 10-00, 12-00, 15-00-де «БЖЗҚ» АҚ онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Іс-шараның тақырыбы: «БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқта...

    Ақпарат

    БЖЗҚ Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында «Ашық есік күніне» шақырады

    Хабарландыру БЖЗҚ Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында «Ашық есік күніне» шақырады 2026 жылғы 26 маусымда БЖЗҚ ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жа...