Зардап шегушінің биіктіктен құлауы

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті

    Жазатайым оқиғаның мән-жайлары.

    23.05.2026 жылы сағат 08:00-де қойма шаруашылығы учаскесінің «наряд беру» бөлмесінде А тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге, көпірлі кранмен, автокранмен жұмыс істеуге, жүктерді схемаларға сәйкес орналастыруға, аумақты тазалау және шығару жұмыстарын орындауға наряд алды. Нарядты қойма шаруашылығы учаскесінің бастығы Б берді, телефон арқылы нарядты қойма меңгерушісі В қабылдап алды.

    Жүктерді крандармен қауіпсіз жылжыту жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге жауапты тұлға, қоймашы В-ның басшылығымен екі автокран машинисінен, КАМАЗ автокөлігінің жүргізушісінен және олардың қатарында А болған жеті жүк ілгектеушіден тұратын бригада сағат 08:15-те алаңда жұмысқа кірісті.

    Сағат 09:30-да бригада контррельстерді қайта тиеу бойынша бірінші тапсырманы орындап, екінші тапсырма – айқастырмаларды (крестовиналарды) КАМАЗ платформасына тиеу жұмысына кірісті. Бригада айқастырмалар штабельдерінің бір жағында тұрған. В жүк ілгектеуші Г-ге КАМАЗ-ға нақты қай айқастырмалардың тиелетінін түсіндіріп жатқан.

    Осы уақытта тиеу орнына айқастырмалар штабельдерінің екінші жағынан КАМАЗ автокөлігі келіп тоқтады. КАМАЗ тоқтаған сәтте А оған жақындап, сол қолымен КАМАЗ платформасына, ал оң қолымен айқастырмалар штабеліне сүйеніп, қолының күшімен көтеріліп, аяқтарын автокөлік платформасына шығарған. Кейін оң қолымен итеріліп, платформаға шығуға әрекет жасаған кезде тайып кетіп, бетон еденге сол жақ жамбасымен құлаған, соның салдарынан жарақат алған.

    Орнынан тұра алмай, КАМАЗ бен айқастырмалар штабельдерінің арасында жерде отырып қалған.

    Жазатайым оқиғаның себептері.

    Жұмыстарды ұйымдастырудың қанағаттанғысыз болуы, яғни еңбек қауіпсіздігінің тиісті жағдайлары қамтамасыз етілмеген, нақты айтқанда жауапты тұлғалар тарапынан жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне жеткіліксіз бақылау жасалған.

    Зардап шегушінің өрескел абайсыздығы, яғни жүк ілгектеушіге арналған қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық талаптарын орындамауы, нақты айтқанда жұмыстарды орындау барысында жылжымалы сатымен (қосалқы сатыны) пайдаланбауы.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қозғалып жүрген, ұшып жүрген, айналмалы заттар мен бөлшектердің әсері

    Жазатайым оқиға жағдайлары. Мастер А. жетекшілігімен Бригада металл конструкцияларын бөлшектеу бойынша жұмыстар жүргізуге кірісті. Слесарь жөндеуші Б. газ кескішпен в. орнатылған айналма блоктар арқылы монтаждық лебедкан...

    Ақпарат

    Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы оперативтік мәліметтер

    есепті кезең 2026 жылғы қыркүйек

    Ақпарат

    Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы оперативтік мәліметтер

    есепті кезең 2026 жылғы тамыз

    Ақпарат

    Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы оперативтік мәліметтер

    есепті кезең 2026 жылғы шілде

    Ақпарат

    Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы оперативтік мәліметтер

    есепті кезең 2026 жылғы маусым

    Ақпарат

    Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы оперативтік мәліметтер

    есепті кезең 2026 жылғы мамыр

    Ақпарат

    Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы оперативтік мәліметтер

    есепті кезең 2026 жылғы сәуір

    Ақпарат

    Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы оперативтік мәліметтер

    есепті кезең 2026 жылғы наурыз