Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығының №5-қосымшасына сәйкес (ҚР Оқу-ағарту министрінің 01.03.2023 №56 бұйрығы редакциясымен) Атырау облысы Білім беру басқармасының «Облыстықдарынды балаларға арналғанинтернаттық мекемесі бар ұлттық гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қамқоршылық кеңесті сайлау туралы конкурс жариялайды.
Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
өтінім (еркін түрде);
үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
1) осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – 11 адамнан аспайды;
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
3) жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;
7) оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.
Құжаттар [email protected] электрондық поштасына 2026 жылдың 27 қазанына дейін немесе «Атырау облысы Білім беру басқамасы» ММ қабылданады.