Көпбалалы отбасына берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

    Мемлекет төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларды әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды көздейді. Осындай шаралардың бірі – отбасының табысына қарамастан төленетін көпбалалы отбасына берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы.

    Аталған жәрдемақыны тағайындаудың құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген.

    Жәрдемақы алуға кімнің құқығы бар?

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 90-бабына сәйкес, бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп баласы бар отбасылардың жәрдемақы алуға құқығы бар.

    Бұл ретте жәрдемақы тағайындау кезінде есепке алынатын балалардың қатарына 18 жасқа толған, бірақ тиісті білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанында оқуын жалғастырып жатқан балалар да енгізілуі мүмкін.

    Мұндай жағдайда жәрдемақы оқу аяқталғанға дейін, бірақ бала 23 жасқа толғаннан аспайтын мерзімге төленуі мүмкін.

    Осылайша, баланың 18 жасқа толуы отбасының жәрдемақы алу құқығының әрдайым тоқтатылуын білдірмейді. Егер бала күндізгі оқу нысанында оқуын жалғастырса және заңнамада көзделген талаптар сақталса, ол көпбалалы отбасының құрамын айқындау кезінде есепке алына береді.

    2026 жылы жәрдемақы мөлшері қандай?

    Жәрдемақы мөлшері отбасындағы балалардың санына байланысты және айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) айқындалады.

    2026 жылы жәрдемақы мөлшері

    Отбасындағы балалар саны

    Коэффициент

    Сомасы

    4 бала

    16,03

    69 330 теңге

    5 бала

    20,04

    86 673 теңге

    6 бала

    24,05

    104 017 теңге

    7бала

    28,06

    121 360 теңге

    8 және одан да көп бала әр балаға 4 АЕК

    32

    138 400 теңге

    2026 жылы 1 АЕК мөлшері 4 325 теңгені құрайды.

    Жәрдемақы мөлшері Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 91-бабында белгіленген және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін АЕК мөлшері өзгерген жағдайда өзгертілуге жатады.

    Мысалы, бірге тұратын төрт кәмелетке толмаған баласы бар отбасына 2026 жылы ай сайын 69 330 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

    Егер отбасында сегіз бала болса, жәрдемақы мөлшері әр балаға 4 АЕК есебінде белгіленеді, яғни айына 138 400 теңгені құрайды.

    Балалар саны өзгерген жағдайда не болады?

    Жәрдемақы мөлшері оны алу кезеңінің барлығында өзгеріссіз қалмайды.

    Егер отбасының құрамы өзгерсе – мысалы, бала жәрдемақы тағайындау кезінде есепке алынбайтын жасқа толса немесе, керісінше, оқуын жалғастырып жатқан баланы есепке алуға құқық пайда болса, жәрдемақы мөлшері тиісті түрде қайта есептеледі.

    Сондықтан жәрдемақы алушылар төлем алу құқығына немесе оның мөлшеріне әсер етуі мүмкін мән-жайлар туралы уақтылы хабарлауы маңызды.

    Жәрдемақыны қалай рәсімдеуге болады?

    Көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау үшін өтініш беруге қандай да бір мерзіммен шектеу қойылмайды.

    Жәрдемақыны электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер арқылы да тағайындауға болады. Өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беруге, сондай-ақ заңнамада көзделген проактивті тәсілмен қызмет көрсету және екінші деңгейдегі банктердің цифрлық сервистері арқылы жүгінуге болады.

    Электрондық түрде өтініш берген кезде қажетті мәліметтердің едәуір бөлігі, атап айтқанда, балалар, тіркеу, неке және банктік шот туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін.

    Ата-аналар нені ескеруі қажет?

    Жәрдемақы алу құқығын сақтау үшін отбасы құрамы мен балалар туралы мәліметтердің өзекті әрі дұрыс болуы маңызды.

    18 жастан асқан, оқуын жалғастырып жатқан балаларға ерекше назар аудару қажет. Мұндай баланы одан әрі есепке алу үшін заңнамада көзделген талаптардың, оның ішінде күндізгі оқу нысанында білім алуының және белгіленген шекті жасқа – 23 жасқа дейінгі талаптың сақталуы қажет.

    Ата-аналарға отбасы құрамы, балалардың мәртебесі және олардың оқуына қатысты мәліметтерді уақтылы тексеріп отыру ұсынылады, өйткені аталған мән-жайлардың өзгеруі жәрдемақы мөлшеріне немесе оның төленуінің тоқтатылуына әсер етуі мүмкін.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2026 жылдың қыркүйек айына зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бағыты бойынша қызметтерінің көрсеткіштері

    1. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру 1.1. Халық саны 694 600 адам 1.2. Төлем алушылар Санаттар: - зейнеткерлер - 104 436 адам; - мүгедектігі бойынша жәрдемақы - 18 018 адам; - асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы...

    Ақпарат

    Оказания государственных услуг в части назначения пенсионных и социальных выплат за 8 месяцев 2026 года

    Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 17 түрі көрсетіледі. Департаментте күн сайын республикалық бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі электр...

    Қорытынды

    ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы...

    Ақпарат

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 1 тамызындағы жағдай бойынша АӘҚ субъектілерін лицензиялауға қатысты қызметінің көрсеткіштері

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі - АӘҚ) көрсету сапасын арттыру үшін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘҚ көрсететін субъектілерді лицензиялау енгізілді. 2026 жылғы 1 тамызындағы республикада АӘҚ көрсететін 33 ұйым....

    Статистика

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің «Профилактикалық бақылау шеңберінде тексеру іс-шараларын уақтылы ұйымдастыру» бағыты бойынша қызметінің көрсеткіштері 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша

    Тексерулердің жалпы саны24; Профилактикалық бақылау14; Жоспардан тыс тексерулер10; Прокуратура органдарының талабы бойынша1; Анықталған бұзушылықтардың жалпы саны 51; Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау саласында34; оны...