Төрағалық етуші: Келес ауданы әкімінің орынбасары, Келес ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары - Сариев Даурен Нурланович;
Хатшы: Келес ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің бас инспекторы, Келес ауданы әкімінің орынбасары, Келес ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия комиссия хатшысы – Бижигитов Галымжан Унербаевич;
Қатысқандар: Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық жергілікті атқарушы органдар (дербес бөлімдері) басшылары және ауыл мен ауылдық округі әкімдері;
Баяндамашылар: Келес ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің басшысы - Ибраимов Ерлан Жаксылыкович.
Күн тәртібінде қаралған мәселе
- Келес ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдарда дербес бөлімдер) және ауыл мен ауылдық округі әкімшіліктерінде жүргізілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау анықтамасын талқылау;
Жиналыс төрағасы отырысты ашып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша Келес ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдарда дербес бөлімдер) және ауыл мен ауылдық округі әкімшіліктерінде жүргізілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау анықтамасын түсіндіру үшін баяндамашы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің басшысы Е.Ибраимовқа сөз берді.
ТЫҢДАЛДЫ:
Е.Ибраимов: Келес ауданы әкімінің 06.05.2026 жылғы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №26н-қ өкімімен Келес ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдардың (дербес бөлімдер) және ауыл мен ауылдық округі әкімшіліктерінде 2025 жыл және 2026 жылдың өткен кезеңіндегі қызметіне ішкі талдау жұмыстары жүргізілген болатын.
Аудан әкімдігіне қарасты осы 7 дербес бөлімдер және 12 ауыл мен ауылдық округі әкімшіліктері қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуде аталған салалар қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтер мен арыз-шағымдар, білдірер ұсыныс-пікірлерді білдіру мен көпшілік талқылауы мақсатында мақсатында аудан әкімдігінің ресми сайтына 2026 жылдың 9 маусым күні хабарландыру жарияланған болатын.
https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/documents/details/1023392?lang=kk
Дегенмен ешқандай ескертулер мен пікірлер келіп түспеді. Ішкі талдау анықтамасының алдын ала нұсқасын талқылау жиынына қатысуға жұртшылық өкілдері келмегендігін назарларыңызға жеткіземін.
Аудан әкімдігіне қатысты жергілікті атқарушы органдарда (дербес бөлімдер) жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында осы анықтамада көрсетілгендей бірқатар тәуекелдер анықталып, оларды жою бойынша нақты ұсыныстар берілген.
Атап айтқанда:
- Облыс әкімдігі арқылы Қазақстан Үкіметіне аудандық әкімдікке бағынысты мекемелердің қолданыстағы заңнама нормаларындағы құзіреттері мен міндеттері нақты айқындалған Ережелері туралы Қаулы қабылдауға ресми ұсыныс жолдау;
- Ауданның ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі Келес ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңесті құру жөнінде тиісті жұмысты атқару.
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелеріне бағалау жөніндегі мәліметтерді аудан әкімдігінің ресми интернет ресусында тиісті мерзімде жариялау.
- Жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығының мерзімін ұзарту үшін әдістемелік тәжірибелік көмек ретінде аудандық жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға жерді қашықтықтан зондтау деректерінің қызметтерін мемлекеттік сатып алу және ақпараттандыру туралы заңнамаларда белгіленген тәртіппен сатып алу бойынша әдістемелік көмек беру туралы облыстық салалық басқармаға ресми хат жолдау.
- Аудандық жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган тарапынан мониторинг жүргізгеннен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде мониторинг нәтижелері туралы есепті аудандық әкімдіктің ресми интернет-ресурсында орналастыру.
- Аудан әкімдігіне қарасты мекемелердің қатысуымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарын қатаң сақтау мақсатында құқықтық оқу өткізу.
Осы көрсетілген кемшіліктерді жою бойынша берілген ұсыныстарды орындау мақсатында ішкі талдау анықтамасы бекітілгеннен кейін іс-шара жоспары түзілетін болады.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:
Д.Сариев: Осы күн тәртібіндегі мәселе бойынша сұрақтарыңыз болса баяндамашыға сұрақтар қойсаңыздар болады. Егер сұрақтар болмаса осымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында дербес бөлімдер мен ауылдық округі әкімшіліктеріне жүргізілген ішкі талдаудың алдын ала анықтамасын жария талқылау жиынын жабық деп жариялаймын.