Кодекстің 68-бабының 5-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, егер бастамашы жоспарланған қызмет туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын өтініш берсе, уәкілетті орган оның көшірмесін мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.
Мүдделі мемлекеттік органдар - бұл қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволары, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган, құзыретіне жоспарланған қызметтің құрамына кіретін бір немесе бірнеше қызмет түрлерін реттеуді қамтитын мемлекеттік органдар. Осындай қызмет түрлері үшін рұқсат беру немесе хабарлама алу, сондай-ақ зардап шеккен аумақтың ішінде толық немесе ішінара орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары.
Сонымен қатар, Кодекстің 68-бабының 6-тармағына сәйкес, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштің көшірмелерін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оны интернет - ресурстарына орналастырады және қоғамның ескертулер мен ұсыныстар үшін [email protected] электрондық мекен-жайына сілтеме жасайды.