Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61, 62-1, 63, 65, 69 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына сәйкес және Абай ауылының әкімінің 2026 жылғы 31 шілдедегі №424 хатына және ауданның жер қатынастары бөлімінің 2026 жылғы 03 тамыздағы №570 хатын қарап, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Келес ауданы, Абай ауылын абаттандыру және сәулеттік келбетін жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында «Ауес» өндірістік кооперативіне базар құрылысы үшін берілген 0,467 гектар (кад.№19-296-230-045) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Осы қаулыда көрсетілген жер учаскесінің иесіне жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, С.Сейфуллин көшесі, №8б үй ғимаратта орналасқан «Келес ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келісім рәсімдерін жүргізу үшін өтініш білдіру ұсынылсын.
- Осы қаулыда көрсетілген жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей өткізілсін.
- Келес ауданының жер қатынастары бөліміне (А.Молданов) қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулының қосымшасында көрсетілген жер учаскелеріне қатысты қажетті шараларды қабылдау тапсырылсын.
- 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С.Джилкибаевқа жүктелсiн.