БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98%-дан астамы цифрлық форматта жүргізілді

    Келес ауданы әкімінің аппараты

    « Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтардың зейнетақы жинақтарын жинақтау және болашақта төлемдер қамтамасыз ету. Қор ұсынатын қызметтер азаматтарға лайықты зейнетақы үшін қажетті соманы жинап қана қоймай, сонымен қатар өз болашағын қаржылық жоспарлауға белсенді қатысуға көмектеседі. БЖЗҚ қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды салымшылардың қажеттіліктеріне бейімдей отырып дамытуда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

    01.01.2026ж. мен 30.06.2026ж. аралығында Қор салымшыларға 28,4 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 17,4 млн-ы электрондық форматта, 10,4 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электронды және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,6%-ын құрады. Салымшыларға 384,7 мың қызмет жүзбе-жүз көрсетілді, оның ішінде 374,5 мың қызмет тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.

    Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады.

    Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 1,0 млн бірлікке жетті.

    Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 18,1 млн үзінді көшірме берілді. Оның 16,1 млн-ы – электрондық, ал 1,7 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.

    Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Өткен кезеңде салымшылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруына аударуға 54,0 мың өтініші қабылданды, оның басым бөлігі – электрондық форматта.

    БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасы инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікке біріктіріп, инвестициялық қызметтері туралы деректерді жүйелі түрде ұсынатынын естеріңізге салады. invest.enpf.kz порталында пайдаланушыларға зейнетақы жинақтарының жүйесі, бағалы қағаздар, инвестициялау стратегиялары (критерийлері), базалық ұғымдар, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы туралы мәліметтер, сондай-ақ әрбір ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері, ИПБ-ның реттеушілік талаптарды сақтауы туралы деректер, салымшыларға ИПБ-ның портреті мен инвестициялық қызметін жасауға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.

    Есепті кезең ішінде деректемелерді өзгертуге 56,9 мың өтініш қабылданды. Оның 53,4 мыңы Қордың кеңселерінде орындалды.

    БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 29,6 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 589,3 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 20,2 мың материал жарияланды.

    Салымшылар мен алушылардан кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша 226,5 мың өтініш түсті.

    Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

    БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Жүктеу
    76cf6f038617dbc0c1e0478476b41fec_original.62473.docx
    DOCX · 61 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша Келес ауданынан конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі.

    Келес ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Түркістан облысы Келес ауданы Ошақты ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттарды ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

    Түркістан облысы Келес ауданы Ошақты ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттарды ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ (2026 жылдың27қыркүйектегі сайлау) 2026 жылғы 04қыркүйектегі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша № п/п...

    Келес ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайды алдын алу және жою мақсатында жер учаскесiн және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті уақытша алып қою туралы

    Келес ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес № 400-VI ЗРК, жеке және заңды тұлғалардың өндірістік және басқа да объектілерді салуға және одан әрі пайдалануға байланысты, қоршаған ортаға араласудың басқа түрлерімен, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялармен байланысты жоспарланған қызметі, сондай-ақ осындай өзгерістерге қызметі қоршаған ортаға әсерін бағалауға жатады. Кодекстің 68-бабының 5-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, егер бастамашы жоспарланған қызмет туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын өтініш берсе, уәкілетті орган оның көшірмесін мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді. Мүдделі мемлекеттік органдар - бұл қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволары, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган, құзыретіне жоспарланған қызметтің құрамына кіретін бір немесе бірнеше қызмет түрлерін реттеуді қамтитын мемлекеттік органдар. Осындай қызмет түрлері үшін рұқсат беру немесе хабарлама алу, сондай-ақ зардап шеккен аумақтың ішінде толық немесе ішінара орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары. Сонымен қатар, Кодекстің 68-бабының 6-тармағына сәйкес, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштің көшірмелерін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оны интернет - ресурстарына орналастырады және қоғамның ескертулер мен ұсыныстар үшін [email protected] электрондық мекен-жайына сілтеме жасайды. Осыған байланысты, Кодекстің 68-бабының 5-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, Түркістан облысы бойынша экология департаменті "Ақ жол құрылыс" ЖШС-нің 25.08.2026 жылғы №KZ22RYS01882260 санды белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішін (бұдан әрі - Өтініш) ұсыныстар мен ескертулер үшін жарияланады.

    Келес ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес № 400-VI ЗРК, жеке және заңды тұлғалардың өндірістік және басқа да объектілерді салуға және одан әрі пайдалануға байланысты, қоршаған ортаға араласудың басқа түрлерімен, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялармен байланысты жоспарланған қызметі, сондай-ақ осындай өзгерістерге қызметі қоршаған ортаға әсерін бағалауға жатады. Кодекстің 68-бабының 5-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, егер бастамашы жоспарланған қызмет туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын өтініш берсе, уәкілетті орган оның көшірмесін мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді. Мүдделі мемлекеттік органдар - бұл қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволары, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган, құзыретіне жоспарланған қызметтің құрамына кіретін бір немесе бірнеше қызмет түрлерін реттеуді қамтитын мемлекеттік органдар. Осындай қызмет түрлері үшін рұқсат беру немесе хабарлама алу, сондай-ақ зардап шеккен аумақтың ішінде толық немесе ішінара орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары. Сонымен қатар, Кодекстің 68-бабының 6-тармағына сәйкес, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштің көшірмелерін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оны интернет - ресурстарына орналастырады және қоғамның ескертулер мен ұсыныстар үшін [email protected]электрондық мекен-жайына сілтеме жасайды. Осыған байланысты, Кодекстің 68-бабының 5-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, Түркістан облысы бойынша экология департаменті"Integra Construction KZ"ЖШС-нің18.06.2026 жылғы №KZ36RYS01786560санды белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішін (бұдан әрі - Өтініш) ұсыныстар мен ескертулер үшін жарияланады.

    Келес ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61, 62-1, 63, 65, 69 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару...

    Келес ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді

    Қазақстанда азаматтардың лайықты зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты саналы көзқарасы жыл санап дамып келеді. Бұл үрдіс басқа елдерде әлдеқашан қалыптасқан тәжірибе. Зейнетақы жинақтарын өзінің қартайған кездегі әл-ауқа...

    Келес ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне[1] енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен инвестициялық портфельд...

    Келес ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды: