Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды

    Жітіқара ауданының әкімдігі

    Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жасанды интеллект негізінде әзірленген жаңа шешімдерін көпшілік назарына ұсынды.

    Солардың бірі - «AI Senim» атты дауыстық AI-ассистенті. Ол азаматтарға 100-ден астам мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беріп, қажетті ақпаратты жедел ұсынады. Бүгінде «AI Senim» ай сайын орта есеппен 25–30 мың өтінішті өңдейді. Оның 40%-ына AI-ассистенттің өзі жауап берсе, қалған 60%-ы егжей-тегжейлі кеңес алу үшін операторларға жолданады.

    «Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі заман талабына сай үздіксіз жетілдіріліп, халық үшін барынша қолайлы болып келеді. Бұдан әрі де осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін инновациялық шешімдерді енгізуді көздеп отырмыз. Атқарылып жатқан шаралар мемлекеттік қызметтерді алу кезінде барынша қолжетімділік пен жайлылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосатынына сенімдімін», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

    Қазіргі таңда 1414 желісіне келіп түсетін әрбір 20-шы қоңырау AI-ассистенттің қатысуымен өңделеді. Алдағы кезеңде оның ауқымын кеңейтіп, барлық қоңырауды алдымен «AI Senim» қабылдайтындай жүйеге көшіру көзделіп отыр.

    AI-ассистент азаматтың сөзін танып, сұрағының мәнін анықтайды және тиісті ақпаратты ұсынады. Қазір оның функционалын кеңейту, соның ішінде динамикалық қызметтерді іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Болашақта азаматтар тек кеңес алып қана қоймай, дауыстық ассистентпен сөйлесу барысында кейбір мемлекеттік қызметтерді бірден рәсімдей алады.

    Форум барысында AI-ассистенттің жұмысын бақылауға арналған арнайы платформа да таныстырылды. Оның көмегімен нақты уақыт режимінде келіп түскен сұраныстардың саны, сөйлесу ұзақтығы және өзге де көрсеткіштер қадағаланады.

    Сонымен қатар мамандар қоңырау жазбасын тыңдап, диалогтың толық мәтінін және AI-ассистент өңдеген сауалдың нәтижесін көре алады. Жаңа платформа арқылы азаматтардың сөйлесу барысындағы көңіл күйі мен тоналдылығын талдауға да мүмкіндік бар.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Түйткілді тақырыптағы сұхбат!

    Зейнетақы жүйесі – жасқада, мамандыққада қарамайтын,барлықадамның басына түсетін маңызды мәселе. Зейнетақы жинақтарының қалай қалыптасатынын түсіну, олардың көлемін бақылау және болашаққа қаржылық жоспар құру – адамның қ...

    Жітіқара ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылға арналған Жітіқара ауданы бойынша денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі

    2026 жылға арналған Жітіқара ауданы бойынша денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратт...

    Жітіқара ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 1 қаңтардан 30 қыркүйекке дейін азаматтардың өтініштерімен жұмыстың жағдайы туралы

    Қаралып отырған кезеңде Жітіқара ауданының жергілікті атқарушы органдарына 1273 өтініш келіп түсті, оның ішінде: аудан әкімінің аппаратына – 233, ауданның мемлекеттік мекемелеріне – 821, ауылдық округтер әкімдерінің аппа...

    Жітіқара ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жітіқара ауданы әкімінің аппаратында жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдаудың 2026 жылғы 4 тоқсанға арналған КЕСТЕСІ

    Азаматтарды қабылдауды жүргізетін тұлғаның Т.А.Ә. Лауазымы Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты Байланыс телефоны Жаныспаев А.А. Әкім Апта сайын (сәрсенбі) сағат 09.00-ден 11.00-ге дейін 2-06-55 2-54-68 Рамазанов Т.Б. Ә...

    Жітіқара ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың 4 тоқсанына арналған «Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бөлім басшысымен жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

    Шиныбекова Амина Икзиковна - бөлім басшысы, апта сайын, дүйсенбі, сағат 14-30-дан 17-30-ға дейін. Мемлекеттік органның орналасқан жері: Жітіқара қ., 6 шағын аудан, № 65 үй, № 19 кабинет. Сенім телефоны 2-25-94. Шуакпаева...

    Жітіқара ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жітіқара ауданы әкімінің аппаратындағы, аудан әкімдігінің бөлімдеріндегі және қала, ауылдар мен ауылдық округтер аппараттарындағы бос орындар 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша

    Р/с № Бос лауазымның атауы Санаты Бірлік саны Бос орынның қалыптасқан күні 1 «Жітіқара ауданының Степной ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы (бухгалтері) E-G-3 1 01.03.2025 2 «Жітіқара ауданының Пригородный а...

    Жітіқара ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Қаулы

    Жітіқара ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерiн бекіту туралы

    Жітіқара ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерiн бекіту туралы

    Жітіқара ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздіктері Тамара Петровна Романюк пен Ольга Карловна Гачкевичтің мерейтойлық даталарына арналған «Екі тағдыр, бір жол» кездесуі

    2026 жылғы 29 қыркүйекте Жітіқара өңірлік мемлекеттік архиві аудандық Ардагерлер кеңесімен бірлесіп, еңбек сіңірген ұстаздар Тамара Петровна Романюк пен Ольга Карловна Гачкевичтің кәсіби қызметіне арналған, «Екі тағдыр,...

    Жітіқара ауданының әкімдігіЖарияланды: