Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарын басшылыққа ала отырып, Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы «Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы №431 қаулысындағы №7 тармағы жойылсын.
- Әділет органдарында ережені тіркеуді қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Тулеулиевке жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мойынқұм ауданының әкімі Е. Карентаев