Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
бойынша атқарылған жұмыстар
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Мойынқұм ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
65 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрімен қоса алғанда 97 қызмет) көрсетіледі. Оның ішінде:
- қағаз түрінде– 3 қызмет түрі (3,1%);
- электронды түрде– 42қызмет (43,8%);
- мемлекеттік корпорация арқылы–52қызмет (53,1%).
2026 жылдың 6 айында ауданның жергілікті атқарушы органдарымен 873 мемлекеттік қызмет көрсетілді (2025 жылдың 6 айында 868 мемлекеттік қызмет көрсетілген). Оның ішінде:
- электронды түрде - 759 қызмет (86,9%)
- қағаз түрінде - 48 қызмет (5,5%)
- қағаз түрінде (баламалы) - 66 қызмет (7,6%)
2025 жылдың 6 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.
Ішкі бақылау жұмыстары бойынша
2025 жылдың 6 айында ЖАО тарапынан ішкі бақылау жұмыс жоспарына сәйкес, есептік мерзімде 2 ішкі бақылау жұмыстары (Аудан әкімдігінің жерқатынастарыбөлімі, Мойынқұм ауылдық округі әкімі аппараты КММ) жүргізілді. Бақылау барысында 6 заң бұзушылықтар (6 субъективті) орын алды. Аталған бөлім және ауылдық округке анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында ұсыныс әзірленіп жолданды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралар жоспарына сәйкес:
2026 жылдың 6 айында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 26 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау) жүргізіліп және де қоғамдық кеңестің мүшелерімен 2 отырыс ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудан әкімдігімен көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсетулер процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру, электронды қызмет түрлері бойынша, мемлекеттік қызметтерге қол жетімділікті арттыру, халықты ақпараттандыру мақсатында аудан әкімі аппаратының сайтында және БАҚ-та тұрақты түрде хабарландыру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары
Мойынқұм аудан әкімі аппараты, халықтың электрондық мемлекеттік қызметтерді аудандық ХҚКО бармай-ақ өз бетінше алу үшін 16 ауыл, ауылдық округ әкімдіктерінің ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылып, ауылдық округ әкімі аппаратынын бір маманына жүктеліп, интернет желісі қосылған жұмыс компьютерінде egov.kz порталынан қызмет алуға келген ауыл тұрғындарына ЭЦҚ арқылы қызметтер көрсетілуде.