Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
Жаңаарқа ауданы Бидайық ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЫ
2026 жылғы 4 қазанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жаңаарқа ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын төмендегідей белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 894 азамат енгізілді, оның 656 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 10. Бәріне қарсы – 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Жамауов Н.К. – 553; Мұқатаев Ж.О. – 48; Таттекенов Д.О. – 41.
Жамауов Нуржан Кадрбаевич – 1965 жылы туған, «Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкім, Жаңаарқа ауданы Бидайық ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынды, Бидайық ауылдық округінің әкімі болып сайланды
Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау комиссиясы