Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Сәлімгерей Сиражевтің төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLII сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары және мекеме басшылары қатысты.
Сессия барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды:
- Ақжайық аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24желтоқсандағы №37-1 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Ақжайық ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы;
Сессия барысында депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылып, әрбір мәселе жан-жақты талқыланды. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.