ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ КӨЗДІҒАРА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ЖАСТАР ЖЕТЕКШІСІ

    Қызылқоға ауданының әкімдігі

    «Атырау облысы Қызылқоға аудандықішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «Қызылқоға аудандықішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы»комуналдық мемлекеттік мекемесінің арасындағы кадрлық саясатта меритократия қағидаларын бекіту жөніндегі №1 негіздемелік келісіміне сәйкес «Қызылқоға аудандықішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Көздіғара ауылдық округінің жастар жетекшісіқызметіне конкурс жариялайды.

    Еңбек өтіліне байланысты жалақысы:

    1)орташа болған жағдайда128 870теңгеден143 275теңгеге дейін;

    2)жоғары болған жағдайда159 627теңгеден 188 049 теңгеге дейін.

    Конкурс өткізу мерзімі:«Қызылқоға аудандықішкі саясат бөлімінің

    Жастар ресурстық орталығы»комуналдық мемлекеттік мекемесіосы хабарландыру жарияланғаннан кейін 15 күн өткен соң белгілейді.

    Конкурс өткізілетін орны:Атырау облысы,Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, А.Құнанбаев к-сі №48. телефон: 8(71238) 2-11-16

    Мекеменің мекен-жайы:Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, А.Құнанбаев көшесі, №48 Б.

    Жастар жетекшісі лауазымына үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

    Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, педагогикалық білім, гуманитралық ғылымдар, жоғары білім, арнаулы орта білім.

    Кәсіби білімімен дағдысы:

    - жоғарғы тұрған органдардың шешімдерін, өкімдерін, тапсырмаларын есепке алып, бақылауда тұрған құжаттарды уақытында орындалуын қамтамасыз етеді, орталықтың іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізеді;

    - психологтың жұмысын үйлестіру, дарынды жастар арасында өткізілетінбайқаулар мен іс-шараларды ұйымдастырады;

    - салауатты өмір салтын насихаттау, үгіттеу жұмысына байланысты денсаулық сақтау мекемелерімен, жоғары және орта оқу орындарымен бірлестікті қамтамасыз етеді, осыған байланысты акциялар ұйымдастырады;

    - жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды, оларға медициналық және психологиялық көмек көрсетуді, шығармашылық, интеллектуалдық мүмкіншіліктерді жүзеге асыру мәселері бойынша семинарлар, «дөңгелек үстелдер» және т.б. іс-шаралардың құжаттарын және өткізілген іс-шаралар бойынша хаттамалар дайындайды;

    - округ әкімдері, орталық басшысының тапсырмаларын орындайды;

    - мүгедек жастарды қоғамдық өмірге тартуда жұмыстар жүргізеді;

    Кәсіби құзырлығы:Қазақстан Республикасының Конституциясын,ҚР «Еңбек Кодексі»,«Мемлекеттік жастар саясаты туралы», "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарды, Қазақстан Республикасының тіл туралы және салауатты өмір салтына байланысты Заңдарды, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді және компьютерде жұмыс жасай (Е-mail, интернет) білуі.

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынандай құжаттарды ұсынуы тиіс:

    1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

    2. Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

    3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;

    4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

    5. Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

    6. Денсаулығы жөніндегі анықтама /086/У нысанында;

    7. Жеке куәлігінің немесе паспорттың көшірмесі;

    8. Уәкілетті органнан белгіленген тәртіппен соттылығы туралы анықтама.

    Ұсынылған құжаттардың көшірмесі нотариалды куәландырылған болуы тиіс.

    Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан ұсынымдар) бере алады.

    Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

    1. 18 жасқа толмаған;

    2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы барлар.

    Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі:

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

    Құжаттар мына мекен-жайға жіберілуі тиіс:Атырау облысы, Қызылқоға

    ауданы, Миялы ауылы, А.Құнанбаев көшесі, №48 Б,«Қызылқоға аудандықішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы»коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

    Жүктеу
    Молодежный руководитель по Коздигаринскому сельскому округу коммунально-государственного учреждения «Молодежный ресурсный центр» Кызылкогинского районного отдела внутренней политики»
    Молодежный руководитель по Коздигаринскому сельскому округу коммунально-государственного учреждения «Молодежный ресурсный центр» Кызылкогинского районного отдела внутренней политики»
    DOCX · 18 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есебі

    Мемлекеттіккөрсетілетін қызметтер бойынша есебі ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәр...

    Қызылқоға ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Қызылқоға ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Классикалық зейнетақы аннуитетінен – жаңа мүмкіндіктерге

    Қызылқоға ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті

    Қызылқоға ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы

    Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру...

    Қызылқоға ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидаларын бекіту туралы

    Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Р...

    Қызылқоға ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы

    Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығы. Қазақстан Ре...

    Қызылқоға ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму минис...

    Қызылқоға ауданының әкімдігіЖарияланды: