Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 64 және 74-бабтарына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 3 қазандағы №18 бұйрығымен бекітілген Геология комитеті туралы ереженің 15 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1.Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкесЖер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жобалары аясында карталау ұңғымаларын бұрғылау кезінде орындалатын жұмыстардың сапасын бақылау мен құжаттамалауды ұйымдастыру және орындау жөніндегіқоса беріліп отырғанӘдістемелік ұсынымдар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетініңАвтоматтандыру және мемлекеттік басқарубасқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Комитеттің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жеткізілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті Төрағасы орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ТөрағаҚ. Ерубаев