«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 64 және 74-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Пайдалы қазбаларды жалпы іздестірумен екінші буынды ГТ-50 сүйемелдеу үшін түсірілімдерді қоса алғанда, қатты пайдалы қазбаларға түсірілім және іздестіру жұмыстарын аэрогеофизикалық сүйемелдеу жөніндегі қоса беріліп отырған Әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің Автоматтандыру және мемлекеттік басқару басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Комитеттің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.