Корпоративтік табыс салығы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Төлеушілер – ҚР резидент заңды тұлғалары, ҚР қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар.

    Төлеушілер емес – мемлекеттік мекемелер. (СҚ 233б.)

    КТС мөлшерлемесі- 20% (СҚ 357 б.)

    Банк қызметі (бизнесті кредиттеуді қоспағанда) – 25%

    Ойын бизнесі – 25%

    Әлеуметтік сала (білім беру, медицина) – 5% (2026 жылы), 10% (2027 жылғы 1 қаңтардан)

    Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер - 3%

    Ауыл шаруашылығы кооперативтері – 6%

    Инвестициялық салық преференциялары салық төлеушінің таңдауы бойынша қолданылады және преференциялар объектісінің бастапқы құнына енгізілетін шығындарды шегерімге жатқызудан тұрады. (СҚ 283 б.)

    Преференциялар объектілеріне негізгі қорлардың жіктеуішіне сәйкес мынадай активтер жатады:

    - ғимараттар;

    - құрылыстар;

    - машиналар;

    - жабдық;

    - бағдарламалық қамтулар.

    Кейінгі шығыстарды шегеру (жөндеу)

    Салық төлеуші таңдауы бойынша олар жүргізілген салық кезеңіндегі тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстардың сомасын:

    - шегерімдерге;

    - объектінің құндық балансын ұлғайту немесе қалыптастыругға жатқызуға құқылы.

    Бухгалтерлік есепке жатқызылған кіріс немесе шығындар түріндегі валютаның нарықтық бағамының өзгеруіне байланысты теңгемен төленуге жататын талапты немесе міндеттемені индекстеуді (түзетуді) тану қарастырылған. Индекстеу сыйақы деп танылмайды.

    АСР жұмыс істейтін салық төлеушілермен шығыстар шегерімдерге жатқызылмайды.

    (СҚ 257 б.)

    Мүгедектігі бар адамдардың ұйымдарына салық салу (СҚ 331 б.)

    мүгедектігі бар адамдардың орташа жылдық саны жұмыскерлердің жалпы санының кемінде 51 пайызын құрайды;

    мүгедектігі бар адамдардың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемінде 51 пайызын құрайды;

    кірістердің 90 пайызы ұйымның жұмыскерлері болып табылатын мүгедектігі бар адамдардың қатысуымен тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден және алынған кірістерді осындай ұйымның қызметін жүзеге асыруға жіберуден алса;

    мүгедектігі бар адамдар ұйымының жұмыскерлері болып табылатын мүгедектігі бар адамдар мүгедектігі бар адамдардың басқа ұйымдарымен еңбек қатынастарында тұрмаса.

    КТС азайту (СҚ 256 б.)

    мүгедектігі бар адамдар болып табылатын жұмыскерлер саны 3-тен 10-ға дейін болған кезде есептелген корпоративтік табыс салығын 50 пайызға азайтады;

    мүгедектігі бар адамдар болып табылатын жұмыскерлер саны 10 және одан көп болған кезде есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.

    Камералды мониторинг басқармасы

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Салық кодексінің 109-бабына сәйкес мәжбүрлі түрде таратылуға жататын салық төлеушілердің 2026 жылғы түпкілікті тізімі

    Салық кодексінің 109-бабына сәйкес мәжбүрлі түрде таратылуға жататын салық төлеушілердің 2026 жылғы түпкілікті тізімі № СТН ЖСН/БСН Салық төлеушінің атауы Мемлекеттік кірістер басқармасының атауы Кредиторлардың және (не...

    Ақпарат

    Реестр требований кредиторов в процедуре реабилитации

    Ақпарат

    Реестры требований кредиторов в процедуре реабилитации

    Ақпарат

    Реестр требований кредиторов в процедуре банкротства

    Ақпарат

    Реестр требований кредиторов в процедуре реабилитаций

    Ақпарат

    Информационные сообщения о проведении конкурса по закупу услуг по оценке имущества

    Ақпарат

    Информационные сообщения о проведении конкурса по закупу услуг по оценке имущества

    Ақпарат

    Информационные сообщения о проведении конкурса по закупу услуг по оценке имущества