Ұсыным госуслуга экономика 3-тоқ.2026ж

    Шу ауданы мәслихатының аппараты

    Шу ауданының Қоғамдық

    кеңесі отырысының

    2026 жылғы 22қыркүйектегі

    № 7 хаттамалық шешімі

    Аудан әкімдігініңэкономика және бюджеттік жоспарлаубөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 2025-2026 жылы 8 айында атқарылған жұмыстары туралы

    Күн тәртібіндегі мәселе бойынша а удан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Ахылбекованың есебін талқылай келе және қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, Шу ауданының қоғамдық кеңесі төмендегідей ҰСЫНЫМДАР ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Аудан әкімдігініңэкономика және бюджеттік жоспарлаубөлімінің басшысы Д.Ахылбекованың есебі назарға алынсын.

    2. Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Ахылбековаға:

    1) Қызмет көрсету мерзімдерінің және қызмет көрсету тәртіптерінің бұзылмауын назарға алу;

    2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында тұрғындарға (қызмет алушыларға) электронды түрде қызмет көрсетудің артықшылықтары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

    3) Қызмет алушылардың өтінімдеріне дәлелді бас тарту кезінде, бас тартудың нақты себебін, қолданыстағы НҚА-ға сілтеме жасай отырып көрсету;

    4) Мемлекеттік қызмет көрсетудің Қағидаларын түсіндіру бойынша халықпен тұрақты түрде кездесулер өткізу;

    5) Әлеуметтік желі мен БАҚ-қа жүйелі түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттар мен атқарылған жұмыстар жөнінде жарияланымдар шығару ұсынылсын.

    3.Осы ұсынымдардың орындалуын бақылау қоғамдық кеңес мүшелеріне жүктелсін.

    Қоғамдық кеңес төрағасыТ.Әрістеев

    Жүктеу
    Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 2025-2026 жылы 8 айында атқарылған жұмыстары туралы
    PDF · 376 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    Шу ауданының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының бос орындарына сайлау өткізу туралы Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының ХАБАРЫ

    Шу ауданы мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Басқа

    Ұсыным Д.Қонаев ауыл.округі 3-тоқ.2026ж

    Шу ауданының Қоғамдық кеңесі отырысының 2026 жылғы 22 қыркүйектегі №6хаттамалық шешімі Қонаев ауылынәлеуметтік-экономикалық дамыту бағытындаатқарылып жатқан жұмыстар және салықтық түсімдердің орындалуы мен жұмсалуы тура...

    Шу ауданы мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Ұсынымдар

    ҚК отырысының ұсынымдары

    Шу ауданы мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Шешім

    Сайлау шешімі

    Шу ауданының аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының бос орындарына мүшелерін сайлау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциял...

    Шу ауданы мәслихатының аппаратыЖарияланды: